7232

Павлодар қаласында журналистика саласында 45 жыл еңбек еткен Мұхамади Хамитовпен кездесу кеші өтті.
Ертіс өңірінің журналистика саласын дамытуға үлесін қосып келе жатқан Железин ауданы «Родные просторы» газетінің бас редакторы, аудандық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Мұхамади Хамитов биыл 65 жасқа толады.
Кездесу кешінің басында Железин ауданы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева Мұхамади Хамитовқа аудан әкімінің Құрмет грамотасын табыстап, дәстүрге сай кілем сыйға тартты.
- Бүгін журналистік мансабыма 45 жыл толып отыр, - дейді Мұхамади Хамитов. – Қызметті әскерден келгеннен кейін Орынбор даласында радиотілшісі болып бастадым. Одан кейін Арқалық қаласында болып, жауапты хатшыға дейін қызмет атқардым. Торғай облысы құлағаннан кейін Железинге келіп, 35 жыл редактор болдым. Осы мерейлі күнімді ескеріп, кешті ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамын. Павлодар облыстық журналистер одағы және бас редакторлар клубын ұйымдастырған кездесу кешіне жас журналистер және Мұхамади Хамитовтың әріптестері жиналды.
- Биылғы жылға жоспарымыз көп, - деді облыстық бас редакторлар клубының төрағасы Мұхит Омаров. – Облыс басшылығы да көңіл бөліп, қолдау білдіруде. Істің басын осы өңірімізге зор еңбек сіңірген азаматтың кездесу кешімен бастағалы отырмыз. Өзі татар елінде туса да, қазақ елін өз еліндей сезініп, мемлекетімізге көп еңбек сіңірді. Журналистиканы көбісі қалам және қағазбен ғана жұмыс жасайтын оңай қызмет деп ойлайды. Алайда, журналистика өте күрделі, көп еңбекті талап етеді. Мұхамадидің жастарға берері көп. Кеш арқылы жастар үлгі алсын, жолдастары, әріптестері көрсін, естеліктерімен бөліссін деп ұйымдастырдық.
Кездесу кешінде Мұхамади Хамитов еңбек жолындағы қызықты сәттері мен бағындырған белестері туралы сыр шертті. Кештің құрметті қонағы болған әріптестері белгілі журналист туралы естеліктерімен бөлісті.
Сонымен қатар, журналистер Одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Юрий Поминов кеш кейіпкеріне республикалық редакторлар клубының, Халықаралық Еуразиялық телевидение, радио және баспа академиясының, Новосібір облыстық журналистер одағының құттықтау хатын табыстап, Новосібір журналистер одағының журналистика саласына сіңірген еңбегі үшін берілетін ІІ Дәрежелі орденін тапсырды.
Айт кетейік, Мұхамади Хамитов 1954 жылы Ресей Федерациясының Орынбор облысында дүниеге келген. 1976-1981 жылдары А.М.Горький атындағы Орал Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетінде білім алды. КСРО журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Павлодар облыстық мәслихатының Құрмет грамотасының, республикалық «Нұр Отан» партиясы алғыс хатының, Павлодар облысы әкімінің құрмет грамотасының иегері. 2016 жылы «Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен мараптталған.

Оразбек Саяхат
Рavlodarnews.kz

Фото

7232

Фото

7233

Фото

7234

Фото

7235

Фото

7236

Фото

7237

Фото

7238

Фото

7239

Фото

7240

Фото

7241

Фото

7242

Фото

7243