7063Өткен демалыс күні «Шаңырақ» концерттік залында  облыстық жастар этномәдени бірлестіктері арасында мемлекеттік тілде патриоттық әндердің  «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан» фестивалі өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы «Қоғамдық келісім» КММ-нің аймақтық ҚХА хатшылығымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара қонақтары қатарында Қазақстандағы Польша Республикасының Елшілігінің вице-консулы Норберт Рафалик, Молдова Ұлттық кәсіподақтар конфедерациясының өкілі Елена Каркилан болды. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
-  Бүгінгі күн Ассамблеяның мәдени өміріндегі ұлы оқиға - бүгінгі патриоттық әндер фестивалі. Қазақстан халқы Ассамблеясы - бүкіл қазақстандықтарды тұтас біріктіретін жалпыұлттық институт.
Ассамблеяның арқасында біздің жастарымыз өсіп келеді. Бүгінгі жастар арасында отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейтін осындай іс-шаралар», -  осы сөздерімен аймақтық ҚХА хатшылығының меңгерушісі С.Жетпісбаев фестивальді ашты.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналды. Патриоттық әндер фестивалі жастарға қолдау көрсету, оларды патриоттық рухта тәрбиелеп, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді дамытуға бағытталады.
Фестиваль «Кардьес» грек вокалдық тобының «Елге салем» атты әнімен ашылды. Іс-шараға барлығы 18  вокалдық ұжымдары атсалысты. Олардың қатарында поляк ЭМБ-нің «Нарциз» вокалдық ансамблі, татар-башқұрт ЭМБ-нің «Мирас» халық вокалдық ансамбілі, славян ЭМБ-нің «Ярило» вокалдық ансамбілі, «Нұр болашақ» вокалдық тобы, румын- молдова ЭМБ-нің «Сперансе» вокалдық тобы, армян ЭМБ-нің «Эребуни» вокалдық ансамбілі, өзбек ЭМБ-нің «Ёшлик» вокалдық ансамбілі, неміс ЭМБ-нің «Wir» халық вокалдық ансамблі, шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Илли» вокалдық ансамблі, украин ЭМБ-нің «Лилея» вокалдық ансамбілі, кәріс этномәдени бірлестігінің «Кымпитсори» вокалдық тобы, фин-угор ЭМБ-ңің «Туған жер» вокалдық тобы, әзірбайжан ЭМБ-нің «Одлар Юрду» ансамбілі, қарашай-черкес және қабарда-балкар ЭМБ-нің «Теберда» вокалдық ансамбілі, тәжік ЭМБ-нің вокалдық ансамбілі және Достық үйінің  жастар вокалдық ансамблі болды.
Фестиваль соңында барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Диана Нұрсарина

Фото

7063

Фото

7064

Фото

7065

Фото

7066

Фото

7067

Фото

7068

Фото

7069

Фото

7070

Фото

7071

Фото

7072

Фото

7073

Фото

7074

Фото

7075

Фото

7076

Фото

7077

Фото

7078

Фото

7079

Фото

7080

Фото

7081

Фото

7082

Фото

7083

Фото

7084

Фото

7085

Фото

7086

Фото

7087

Фото

7088

Фото

7089

Фото
7090