7036Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, «Ертіс-Баян тарихи тұлғалары» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алтынбек Нұхұлы бастаған павлодарлық делегация Түркияға жол тартты.
«Түріксой» Түркі мәдениеті ұйымының 25 жылдығы мен әйгілі ақын, әнші, композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Естай Беркімбаевтың 150 жылдығына орай желтоқсан айының 6-сы мен 10-ы аралығында Түркияның Стамбул және Анкара қаларында Естай күндері өтеді. Шара «Түріксой» ұйымының тікелей қолдауымен іске асып отыр.
- Бұл ұйым Түрік халықтарының мәдени, рухани бірлігін қолдау мақсатында құрылған. Қазақ мәдениетіне қатысты бұған дейін де Әсет Найманбаевтың 150 жылдығы, «Біржан-Сара» операсының Түрік тіліндегі қойылымы сияқты көптеген мәдени шаралар ұйымдастырған. Игі дәстүрдің жалғасы ретінде Естайдың 150 жылдығы тойланады. Естай әндері шырқалып, ақын бабамыз туралы фильдер көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылмақ. Естай өмірі мен шығармашылығына арналып конференция ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр, - дейді Алтынбек Нұхұлы.
Шараға Павлодар облысынан бір топ зиялы қауым өкілдері мен Естайдың ұрпақтары, сондай-ақ дәстүрлі әншілер мен естайтанушылар шақыру алды.
Айта кетейік, бүгін Алматы қаласында да әнші-сазгер бабамыздың мерейтойы шеңберінде республикамызға танымал өнер иелері Ерлан Төлеутай, Еркін Шүкіман, Тілеулес Құрманғали және «Арнау» фольклорлық ансамблінің қатысуымен  «Майда қоңыр» атты дәстүрлі ән кеші өтті.

pavlodarnews.kz

Фото

7036

Фото

7037