67702018 жылғы 8 қазан күні Павлодар қаласы Достық үйінде  өзін-өзі дамыту, өзіндік маркетингтік стратегия және өзін таныту бойынша «PRодвигай себя» тақырыбындағы тренингі өтті. Тренингке «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының белсенділері, жоғары оқу орындары және колледждердің студенттері, блогерлер, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының көшбасшылары және басқа да белсенді жастар қатысты.

«Павлодар облысында өтетін бүгінгі жобамыз өзін-өзі дамыту, өзіндік маркетингтік стратегия және өзін таныту бойынша «PRодвигай себя» тақырыбындағы тренингі болып табылады. Бүгінгі күні біздің басты мақсатымыз жастарды «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен, блогерлермен, эксперттермен ашық диалогқа кіре алатын және өз мақсаттары мен идеяларына және өз жобаларын жүзеге асыруға қол жеткізуге көмектесетін қолданбалы дағдылардан бүгінгі оқиғаны ерекшелеуге мүмкіндік беретін платформа құру болып табылады,- деді «Жарасым» РЖҰ төрағасы Тимур Джумурбаев.

Кездесу TEDx форматында өтті. Спикерлер ашық алаңшада орналасқан аудитория алдында трибунасыз сөз сөйледі. «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі Нұржан Жолдыбалинов, «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының жеңімпазы- Алексей Лодочников, SMM-менеджер Ақерке Берлібай, өз жетістіктерімен бөлісті.

Мұндай кездесулер жастар үшін өте пайдалы. Өзім «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының бірімін. Менің ойым әр адамның өзі бренд болып табылады. Бүгінгі кездесудің мағызы зор, себебі жастараға, бастапқы өзіміздің қандай істеріммен бөліскенімізді және өзінің жұмысын көрсету керектігі айтылады,- деді Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі Нұржан Жолдыбалинов.

Тұңғыш Президенттінің – Елбасының баспасөз қызметінің жетекшісі, кәсіби тренер, SMM-менеджер Ақерке Берлибай жеке мысал келтіріп, оқытудың (немесе кәсіби қызметтің), құмарлықтың әсері, жайлылық аймағын тастап кету сияқты көптеген брендтерді жасау мен сатуда маңызды болып табылатын 7 жағдайды (кейсті) айтты. Осы форматтағы семинарлар мен тренингтерді А.Берлибай бүкіл ел бойынша жүргізілуде. Ол Павлодарда жастар ұйымдарының дамыған және белсенді екендігін атап өтті.

-Іскерлік қарым-қатынас жасаңыз, ешқашан тұрып қалмаңыз, үнемі қозғалыста болыңыз, өзіңіздің орнын табыңыз, сонда жұмысыңыздан рахат аласыз. Есіңізде болсын, сіз үнемі бағаланып отырасыз, сондықтан дұрыс сөйлеуге және дұрыс жазуға үйреніңіз - бұл өте маңызды », - деді ол.

Айта кетейік, тренинг жастардың бойында заманауи технологияларды пайдалана отырып өзін-өзі дамыту және танымалдық деңгейін арттыру бойынша нақты дағдыларды дамыту және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары мен жас көшбасшыларды насихаттау мақсатында өткізілді.

Фото

6771

Фото

6772

Фото

6773

Фото

6774

Фото

6775

Фото

6776

Фото

6777

Фото

6778

Фото

6779

Фото

6770