6854Кабель өндірісінің күніне орай Павлодар облыстық ҚХА мүшелерінің бастамасымен «Казэнергокабель» АҚ жұмысшыларының кәсіби мерекесіне орай өнеркәсіп ортында үлкен концерттік бағдарлама, сондай-ақ облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Бүгінгі таңда зауыт қажетті барлық инфрақұрылым базасымен жабдықталған және мұнда шығарылатын кабель өнімдерінің саны өндіріс пайдалануға берілген сәттен бастап (1999 ж.) 400-ден 7000-ға жетті. Қазіргі таңда зауытта 600-ден астам адам еңбек етеді, ал мекемедегі Қоғамдық келісім кеңесі 2018 жылғы қаңтар айында ашылды. 

Атаулы күні жұмысшылар үшін жұмыс күні Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің және облыстық этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен әсерлі концерттік бағдарламамен басталды. Мерекелік бағдарламаға «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің әншісі Уақбаева Құралай, облыстық еврей этномәдени бірлестігінің «Анахну» вокалдық ұжымы, «Воля» казак әндерінің халық ансамбілі, «Анён» - облыстық корей және «Даймохк» - облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық қжымдары атсалысты. Сонымен қарар, мерекелік бағдарлама барысында «Казэнергокабель»  АҚ-ның үздік жұмысшылары мен ардагерлері алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Концерттік бағдарлама аяқталған соң мекеменің мәжіліс залында облыстық ҚХА жнындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараның модераторы «Казэнергокабель» АҚ-ның басшысы В.Я. Бобров атанды. Сонымен қатар іс-шараға облыстық ҚХА төрағасының орынбасары С.Қ. Жетпісбаев, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы И.Б. Әбдіхалықов, облыстық татар-башқұрт ЭМБ төрағасы М.Х. Галеев, облыстық әзірбайжан ЭМБ төрағасы Д.Д. Махмудов, «Нұр-ана әлемі» ҚБ-нің төрайымы Б.Ш. Максилова, Славям мәдени орталығының төрайымы Т.И. Кузина, облыстық украин этномәдени бірлестігінің төрағасы М.С. Парипса, облыстық грек ЭМБ төрайымы Л.П. Ифандопуло, облыстық корей ЭМБ төрағасының орынбасары Р.С.Афанасьева, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің Медиация орталығының басшысы, облыстық фин-угор ЭМБ төрайымы О.Л. Николашина және облыстық мәслихат депутаты, облыстық ҚХА жанындағы жастар ұйымдарының үйлестіру кеңесінің төрайымы Э.С. Паули қатысты. 

Өз сөзін облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы И. Б. Әбдіхалықов іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Отырыс барысында талқыланатын сұрақтар алдағы бірігіп атқарылатын жұмыстарға, жалпы өңірдегі этносаралық бірлікті сақтауға және дамытуға әсері мол болатынын атап өтті. «Қазіргі таңда облысымызда осындай 140 кеңес құрылды. Оның біреуі облыстық болып табылады, қазіргі таңда оған түрлі этномәдени бірлестіктерінің 36 мүшесі енді. Екеуі – қалалық болып табылады, 123 қоғамдық келісім кеңесі ауылдық елді мекендерде және өнеркәсіптерде құрылды. Бұл кеңестердің басты мақсаты – өңірлерде, кәсіпорындарда этносаралық және дінаралық бірлік пен тұрақтылықты сақтау болып табылады», - деді Идият Бекболатұлы. 

Өткен жиынның ерекше маңыздылығына тоқталатын болсақ, іс-шараға басқа да ірі кәсіпорындарының Қоғамдық келісім кеңесі басшыларының қатысуы болды. Бұл осы бағытта жұмыстарын атқарып жүрген мамандардың тәжірибе алмасуына зор мүмкіндіктер берді. Атап айтқанда, іс-шараға «Богатырь-Көмір» ЖШС-нің Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Е.Қ. Қоңырбаев, «Алюминий Казахстана» АҚ мекемесінен - Б.Ш. Алетаев, Ақсу фероқорытпа зауытынан – Е. Еркебұланова, «Рубиком» ЖШС-нен Л.В. Ткаченко қатысты. 

Іс-шараны қорытындылай келе қатысушылар «Богатырь-Көмір» кәсіпорнының Қоғамдық келісім кеңесіне жоғары баға берді. «Біздің кәсіпорнында 6341 адам жұмыс істейді. Олардың қатарында 41 этнос өкілдері бар. Біздің жұмысшылар тұтынушыларға жылына 35 млн. тонна көмір өңдіреді. Сонымен қатар, кәсіпорнымыздың әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда  маңызы ерекше. Мысалы, қаламыздың және өңіріміздің түрлі әлеуметтік жобаларын қолдау жылына 200 млн. теңгеге жетті», - деп айтты Ерболат Қайриденұлы. 

Соныдай-ақ, Ерболат Қайриденұлының айтуынша «Богатырь-Көмір» ЖШС-де құрылған Қоғамдық келісім кеңесіне 8 адам мүше болып сайланғанын айтты. Олардың қатарында инженерлер, кәсіподақ мүшелері, жастар және ардагерлер бар. Кеңес жұмысшылардың арасында пайда болатын еңбек, кәсіби-тұрмыстық даулардың алдын алуға зор мүмкіндіктер береді. Бір жыл ішінде Кеңеске 76 шағым түссе, бұл сұрақтардың 71-і тез арада оңтайлы шешімін тапқанын алға тартты.

Іс-шара соңында «Казэнергокабель» АҚ басшысы В.Я.  Бобров барлық қатысушыларға, мерекелік бағдарлама ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, есен-саулық пен бейбітшілік тіледі.

Фото

6855

Фото

6856

Фото

6857

Фото

6858

Фото

6859

Фото

6860

Фото

6861

Фото

6862

Фото

6863

Фото

6864

Фото

6865

Фото

6866

Фото

6867

Фото

6854