6759Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің үлкен залында Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бағдарлама мемлекеттік мекемелердің құрметті еңбек ардагерлеріне арналды. Бұл мереке жастардың ардагерлерге сахына төрінен алғыс айтуға мүмкіндік береді. Мереке барысында кәріс этномәдени бірлестігінің хореографиялық ансамбльдері, «Самұрық» би ансамбілі, Достық үйінің квартеті, сондай-ақ танымал әншілер: М.Батырбеков, О.Николашина, Қ.Әбдіғомар қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

- Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, зор денсаулық тілеймін. Сондай-ақ, өз тәжірибеңізбен, дағдыларыңызбен және біліміңізбен бөлісіп, қаланың және жалпы Павлодар облысының қоғамдық өміріне белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Үлкен рахмет Сіздерге! -  деді өз сөзінде Павлодар облысы әкімінің аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы А. Сатыбаев. 

Мереке барысында ардагерлерге арналған музыкалық сыйлықтар, ізгі тілектер мен құттықтаулар айтылды.

Іс-шараның соңында Павлодар облысы әкімшілігінің жанындағы мемлекеттік мекемелердің еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы М.П. Юрьев қонақтарды мерекемен тағы-да бір мәрте құттықтап, ұйымдастырылған мереке үшін «Қоғамдық келісім» КММ-ның басшылығы мен шығармашылық ұжымдарына алғысын білдірді.

Фото

6760

Фото

6761

Фото

6762

Фото

6763

Фото

6764

Фото

6765

Фото

6766

Фото

6767

Фото

6768

Фото

6769

Фото

6759