6715Павлодардық барлық мектептерінде Астананың 20 жылдығына арналған қазақ тілінен ашық жалпықазақстандық диктант өткізілуде.

 «Астанабейбітшілік бесігі» тақырыбындағы диктантқа қала бойынша 7884 оқушы қатысуда. Аталған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткізілуде.

№41 мектеп директоры Анар Сұлтанбекованың айтуынша, мектеп ішінен бұл диктантқа 7-11 сынып оқушылары жалпы саны 370 адам қатысуда.

- Диктанттың мақсатыжастар арасында мемлекеттік тілді игеру, тілдің мәртебесін көтеру, - дейді Анар Сұлтанбекова. – Қорытындыларын қазақ тілі мұғалімдерінен құрылған арнайы комиссия шығарып, үздік жұмыстар марапаттарға ие болады. Сонымен бірге, біздің мектеп жыл сайын түрлі өзге ұлттарды қазақша сөйлететін «Мың бала» конкурсына қатысады.

№ 41 мектептің 11 сынып оқушысы, пәнаралық олимпиадалардың жүлдегері Дария Шушпанова мұндай кең көлемді сынға алғаш рет қатысып отырғанын айтады. – Қазақ тілінен «беске» оқимын. Сонымен бірге ағылшын тілін де меңгергенмін. Болашақта дипломат болсам деп армандаймын.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Фото

6715

Фото

6716