6662Қазақстан отбасы күнінің қарсаңында Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің мәжіліс залында «Мемлекет отбасынан басталады» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шарасына этномәдени бірлестіктердің төрағалары, іскер әйелдер қауымдастығы мен Павлодар облысының саясаткер әйелдері клубының мүшелері және жастар қатысты.

 

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: ынтымақтастықтың 4 жақты меморандумына қол қою болды. Меморандум келесі бағыттарды қамтиды: отбасы құндылықтары мен салт-дәстүрлері, отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие мәселелері бойынша мәселелерді зерттеу, әйелдер арасында құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру бойынша кеңес беру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен алдын-ала жұмыстарды ұйымдастыру, табысты отбасының тәжірибесін насихаттау жұмысын жүргізу болып табылады.

 

Румын-молдован этномәдени бірлестігінің төрағасы А. Дяк атап өткендей, отбасы қоғамда маңызды орын алады. «Бүгінгі біздердің ниетіміз 4 қоғамдық бірлестікті бір бағытта біріктіру болып келеді. Бұл бағыттың негізінде – отбасылық  тәрбиенің құндылықтарын насихаттау болып табылады. Біз ажырасулар санының азаюына үлес қосып, қиын жағдайға түскен жас отбасыларға кеңес беруді күшейтуіміз керек», - деді ол.

 

Іс- шара барысында, Павлодар облысы әйел саясаткерлер клубының төрайымы И. Фогель өз сөзінде павлодарлық жастар көптеген жобаларға белсенді қатысатынын атап өтті. «Менің ойымша, біздер іске асыратын жұмыс жүйелі, жемісті  және біздің жастарымыз бен қоғам үшін үлкен әсер етеді»,- деді ол.

Бұл іс-шараның нәтижесі өңірлік «Қоғамдық келісім КММ» Медиация мрталығы, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі, Павлодар облысының Қазақстандағы іскер әйелдер қауымдастығы және Павлодар облысының саясаткер-әйелдерінің клубы арасында Меморандумға қол қойылды.

Фото

6663

Фото

6664

Фото

6665

Фото

6666

Фото

6662