6464Бұл туралы бүгін медияция жөнінде өткен жиында облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов айтты. Медияция институтын насихаттау мақсатында 3-тамыз - Бірыңғай медиация күні болып жарияланды. Облыстың барлық аудандары мен қалаларында ашық есік күндері өткізілді. Шараға 4,5 мыңнан астам адам қатысқан.

- Медияция – адамға сыйластық танытуға бағытталған көпжақты құрал, - деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев. – Қазақстан халықтары ассамблеясы бітімгершіліктің маңызды міндетін атқаруда. Біздің институттың арқасында қаралатын істер саны азайып, жанжалдар сиреді. Медияция орталығының жетекшісі, Павлодар облысындағы ҚХА төрағасының бірінші орынбасары Ольга Николашинаның айтуынша, медияция рәсімінің маңыздылығы – қарым-қатынасты сақтай отыра дауласуға рұқсат етіп, адамдарды өз еркімен келісімге келуге итермелеуінде. - Орталық ашылған 2,5 жылдың ішінде ауқымды істер атқарылды, - деді Ольга Николашина. – 2016 жылдың 4-маусымында облыс әкімдігі, облыстық сот және Қазақстан халықтары ассамблеясымен үш жақты келісім жасалғаннан бастап қарқын ала бастадық. Бүгінгі таңда өңірде медияцияның 34 кабинеті жұмыс жасайды.

Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұловтың айтуынша, биыл жыл басынан бері 2000-нан астам іс сотқа дейін жетпеген. - Қазіргі кезде Екібастұз қалалық сотында және Павлодар қалалық №2 сотында бітімгершілікке келу бойынша пилоттық жоба басталған, - деді Мұхтар Смағұлов. – Әкімшілік сот отбасылық-тұрмыстық істерде жанұяны сақтап қалу, отбасыларда күш көрсетуді азайту үшін екі жылдан бері медияция нәтижелі қолданылып келеді. Бесінші шілдеде облыстық сот пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында облыста сотқа дейінгі және сот тәртібімен медияция жасау бойынша меморандумға қол қойылды. Бұл өз жемісін беретін жаңа, әрі қызықты жұмыс. Оған қоса, біздің мекеме - республика бойынша орталықпен бірлесе отырып мектеперде медияция көмегімен ұрыс-керіске рұқсат ететін алғашқы ұйым. Мұхтар Смағұлов үздік медиаторларды атап өтіп, алғыс хаттар табыс етті.

Дулат Райымбек

Pavlodarnews.kz 

Фото

6464

Фото

6565

Фото

6566

Фото

6567