6277«Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» атты шараға аймақ басшысы Болат Бақауов, этно-мәдени бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері және студент жастар қатысты.Аймақ басшысы Болат Бақауов өңірдегі этномәдени бірлестіктер де түрлі ұлттың мәдениеті мен тілін, діні мен ділін жаңғырту үшін ауқымды шаралар атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған бес әлеу­меттік бастамасын жүзеге асыру аясында өңірде атқарылатын жұмыстар жайы да сөз болды.

Облыстық ассамблея, этномәдени бірлестіктер,  Қоғамдық келісім кеңестері бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Бес әлеуметтік бастамасын» облыс тұрғындары арасында насихаттап, негізгі бағыттары бойынша жұмыстар жүгізіп келеді. Бүгінгі таңда жастар арасында баспананың жоқтығы, студенттерге жатақхананың жетіспеуі секілді мәселелер бар. Елбасының жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, аз қамтылған азаматтардан салық ауыртпалығын төмендету, студенттерге жағдай жасау, микрокредиттеуді кеңейту және одан әрі дамыту жоспарларын қамтиды. Міне, азаматтардың өмір сүру сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні біздің аймағымызда қолға алынған бастама, іс-шаралар баршылық. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және 5 институттық реформасы - мемлекеттің рухани жаңаруының жаңа белесі. Алдағы міндеттеріміз айқын, баршамыз бірлесе отырып татулығымызды сақтап, Елбасы жүктеген  тапсырмаларды іске асыру жолында еңбек етуіміз қажет, - деді  аймақ басшысы Болат Жұмабекұлы.

Облыстағы ірі жұмыс беру орнының бірі «Алюминий зауыты» еліміз бойынша алюминий өндірісі бойынша көш бастап келеді. Зауыттың қойма жұмыстары бөлімінің №1 жүк тиеу аумағының шебері Қайрат Сәрсеновтың айтуынша бұл жерде 15-тен астам ұлт өкілдері өзара келісімде жұмыс істейді.

- Алюминий зауыты Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділік танытып келеді. Атап айтқанда, 2017 жылы бірінші бастамаға сәйкес біздің зауыттың 80 қызметкеріне баспана берілді, 2018 жылы 120 жұмысшыға пәтер беру жоспарланып отыр. Ал екінші бастаманың аясында 2017 жылы 4 767 000 теңге мөлшерінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және ерекше қажеттілігі бар балаларға отбасыларға қайырымдылық және материалдық көмек көрсетілді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындаға көрсеткіш бойынша аталған қайрымдылық шараға 2 872000 теңге жұмсалды. Бұл ретте халықтар достығының маңызы зор, - деді Қ.Сәрсенов.

Жиын барысында этно-мәдени бірлестік өкілдер осы күнге дейін атқарған жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытта Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасы аясында еңбек ететіндіктерін жеткізді.

Атап өтерлігі, бүгінде Павлодар өңірінде 80-нен астам ұлт өмір сүрсе, облыстық этно-мәдени бірлестіктердің саны 24-ке, аудан-қалалардағы бірлестіктердің қатары 112-ге жеткен.

Сессия соңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары лауазымына финно-угордың төрайымы Ольга Николашинаның кандидатурасы ұсынылып, бір ауыздан қолдау тапты. Облыс әкімі Болат Бақауов бұған дейін бұл қызметті атқарған «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максиловаға елеулі еңбегі үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, ел бірлігін сақтауға, қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан еңбегі үшін Данбай Шухратқа ҚХА-ның «Жомарт жан» төсбелгісі табыс етілді. Музыктанушы Н.Шофер, «Меркез» еврей ұлттық бірлестігінің мүшесі Максим Карапузов, «РЕГИОН.KZ» газетінің бас редакторы Роза Мұстафина Республикалық ҚХА-ның алғыс хатымен марапатталды. Ал облыс әкімінің Құрмет грамотасын Ақсу қаласы «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балкар этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Абулкерим Байрамқулов пен Баянауыл ауданы «Родные напевы» хорының жетекшісі Анна Сушкова иеленді. Сондай-ақ, ақтоғайлық Марина Беляева мен качирлық Зүбәйра Жекееваға облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ,

облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі

Фото

6272

Фото

6273

Фото

6274

Фото

6275

Фото

6276

Фото

6278

Фото

6279

Фото

6280

Фото

6281

Фото

6282

Фото

6283

Фото

6284

Фото

6285

Фото

6286

Фото

6287

Фото

6288

Фото

6277

Фото

6271