5591Жуырда Елордамыз Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Д.Қ.Мыңбайдың, қоғам қайраткерлерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, ҚР Мәжіліс депутаттарының қатысуымен «Мың бала» республикалық жобасының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Мәдени-ағартушылық шараға облыстардан ең үздік деп танылған балалр қатысты. Барлығы – қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері. Бірі шешендік сөздерді оқуда алдына жан салмаса, екіншілері «Кемел елдің – кемеңгер қаламгерлері» тақырыбына эссе жазып, жүзден жүйрік екендігін дәлелдеген. Сонымен қатар тәуелсіздікті, достық пен бірлікті насихаттайтын бейнероликтер байқауынан сүрінбей өткендер бар. Және оқушылармен қатар әр өңірден оқытушылар да марапатталды.

Елордамызда өткен Республикалық шарада Павлодар облысынан «Асыл сөз мектебі» бойынша Екібастұз қаласының №33 ЖОББМ 4-ші сынып оқушысы Верейна Арина (оқытушысы - Туленова Жанар Жапарқызы) және Павлодар инновациялық көп профильді колледжінің 2-ші курс студенті Торгашина Лаура (оқытушысы – Аманжолова Шынарай Зияшқызы), ал «Кемел елдің кемеңгер қаламгерлері» шығармашылық байқауы бойынша - Қ.Мақпалеев атындағы №4 ЖОББМ 7-ші сынып оқушысы Мальсагов Ислам (оқытушысы - Төлеубаева  Манзиля  Серікбайқызы) жеңімпаз атанса, «Тіл мектебі» бағдарламасы бойынша Павдлодар қаласының №32 ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Әсемгүл Жиксимбайқызы Уныйбаева үздік деп танылды.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Фото

5591