5421Қазақстан халқы ассамблеясының Павлодар облыстық филиалы жанындағы «Ақсақалдар  алқасы» кеңесінің мүшелері «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде бас қосты. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев келіп, ел ағаларының қоғамға сіңірген ерен еңбегі жөнінде сөз етті.

Шара жуырда ғана дүниеден өткен Павлодар облысының Құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Зара Қожахметованы және еңбек ардагері Светлана Дьяченконы  бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.

– «Ақсақалдар алқасы» кеңесінің отырысына алғаш рет қатысып отырмын. Сіздер біздің халықтың алтын қоры болып саналасыздар. Сонымен қатар Елбасы бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын да  өздеріңізсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан біздің қоғамда сіздердей ел ағаларының орыны әрдайым төрде болуы тиіс, - деді Мейрам Бегентаев.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Жетпісбай Сейсенбаевтың сөзінше «Ақсақалдар алқасы» кеңесі алғаш 2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ассамблеяның XV сессиясында берген тапсырмасы бойынша құрылған. Қазір осындай ардагерлер ұйымы еліміздің барлық облысында жұмыс істеуде.

- Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанында бірнеше ұйым бар. Солардың бірі - осы «Ақсақалдар алқасы». Біз үстіміздегі қазан айын «Қамқорлық» айы ретінде жариялап , әртүрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырудамыз. Осы айлық шеңберінде және жақында ғана өткен қарттар  күні мерекесінің құрметіне Ассамблеяның мүшесі болып саналатын ардагерлерге де құрмет көрсетуді жөн санадық. Кездесуге облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері келіп отыр. Бүгінгі жиынға орай «Рубиком» ЖШС-нің директоры Руф Андреевичтің демеушілігімен алқаның барлық мүшелеріне арнайы сыйлық дайындалды, - деді Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы.

Кездесуге келген алқа мүшелері мұны  үлкендер салған сара жолға құрмет көрсетіп, қоғамға  сіңірген еңбегін дәріптеудің нақты көрінісі деп түйді. Шара барысында «Ақсақалдар алқасы» кеңесінің төрағасы Минир Галеев ұйымдастырушыларға барлық замандастары атынан алғыс білдірді.

Тілеуберді САХАБА

Фото

5421

Фото

5414

Фото

5415

Фото

5416

Фото

5417

Фото

5418

Фото

5419

Фото

5420

Фото

Фото