5153Павлодар қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағында «Бір шаңырақ астында» жазғы фестивалі аясында облыстық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мәдениеті күні өтті. Фестивалінің қонақтары арасында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен қатысушылары және қала тұрғындары болды. 

Облыстық «Ватан» әзірбайжан этномәдени бірлестігі өз жұмысы барысында этносаралық қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға үлкен үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, әзірбайжан халқы өз дәстүрлерін жақсы сақтап, оларға зор құрметпен қарайтын этностың бірі. Қазіргі таңда сақталған дәстүрлердің көптеген түрі бар. Олар баланың дүниеге келуімен, шаңырақ құруымен, сонымен қатар көптеген дәстүрлі  мерекелермен жалғаса береді.  Іс-шара барысында ұйымдастырушылар өмірдің ажырамас бөлігіне айналған салт-дәстүрлерге ерекше тоқтап, әзірбайжан халқының ерекше қонақжайлығын көрсете алды. 

Осы салтанатты күнімен барлық қатысушыларды хатшылық меңгерушісі, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Жетпысбаев Сейсембай Қалижанұлы құттықтап, «Ватан» этномәдени бірлестігінің жеткен жетістіктерін атап өтті. Ал этномәдени бірлестіктің төрағасы Махмудов Джафар Джафарұлы белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтарымен марапаттады. 

Бұл күні этномәдени бірлестіктің өнерпаздары мереке қонақтарына қызықты бағдарлама ұсынды. Өздерінің жарқын әндері мен билерімен орталықтың «Дәніз» вокалдық ансамблі, «Одлар Юрду» хореографиялық ұжымы, Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары көрермендерді қуанта білді.

Айтпаев Мақсат

Фото

5154

Фото

5155

Фото

5156

Фото

5157

Фото

5158

Фото

5159

Фото

5160

Фото

5161

Фото

5162

Фото

5163

Фото

5164

Фото

5165

Фото

5153