5144Өткен демалыста Павлодар қаласының жағажайында демалушыларға арналған концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шараға Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және облыстық этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары қатысты. 

Ұйымдастырушылар бағдарламаны ұлттық бренд болып табылатын «EXPO-2017» халықаралық көрмесі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығына арнады. 

Екі сағат бойы жалғасқан бағдарламаға «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің әншісі Уақбаева Құралай, славян мәдени орталығының «Раздолье» би ұжымы, поляк этномәдени бірлестігінің әншісі Немолочнова Светлана мен «Сырэны» вокалдық тобы, өзбек орталығының әншісі Ахмедов Ұлықбек, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің «Чишмя» вокалдық ансамбілі, казак әндерінің ансамбілі, соныдай-ақ кәріс орталығының «Moon Shine» заманауи би тобы қатысты. 

Досым Ахметов

Фото

5145

Фото

5146

Фото

5147

Фото

5148

Фото

5149

Фото

5150

Фото

5151

Фото

5152