5088Павлодар облысы Ақсу қаласындағы «Нұр Отан» партиясының конференц-залында «Нұр – Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігі Ақсу аудандың бөлімшесінің  25- жылдығына орай «Әйел.Ана.Қоғам» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді. Қонақтар арасында Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері, Ақсу қаласының әкімшілігі, «Нұр – Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің  қалалық және аймақтық төрайымдары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, қаланың құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестіктерінің және шығармашылық ұжымдардың өкілдері болды.

 

Ақсу қаласының әкімі Дүйсенбинов Нұрлан Шайқслямұлы іс-шараның пленарлық бөлімін ашты. «Ақ жаулықты аналар мен әжелерден құралған «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі бұдан былай да өз жұмысын жалғастырып, ұлттық салт- дәстүрімізді келер ұрпаққа дәріптеу жолында әлі де еңбек ететініне сенімдімін. Ширек ғасырлық еңбектеріңіз сан ғасырлық тарихқа айналсын, асыл әжелер мен ақ жаулықты аналар»,- деді ол. Сонымен қатар, ол аналар кеңесінің өкілдеріне ризашылығын білдіріп, «Нұр – Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігіне табыс тіледі. Қоғамдық бірлестіктің белсенді қатысушылары Т.М.Мұқатова, Н.Ж.Абдымомынова, Р.Н.Исаханова, Б.Ж.Смағұлов және Г.Ж.Иманғазы марапатталынды Ақсу қаласы әкімінің құрмет мадақтамаларымен және арнайы сыйлықтарымен. 

 

Павлодар облысының құрметті азаматы, 1991 жылдан бастап 2011 жылы аралығында Қазақстан мусульмандар әйелдері қоғамының төрайымы, «Парасат» орденің иегері Зара Қабдешқызы Қожахметова мен Ақсу қаласының әкімі осы мерейтойға арналып шығарылған «Әйел.Ана.Қоғам» кітабінің салтанатты тусау кесер рәсімін өткізді.

 

«Бұл әдеби кітап емес, хронологиялық, «Нұр – Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің 25- жылдығына орай шығарылған. Осы кітапта отбасылық құндылықтар мен әйел адамның қоғамдағы орны көрсетілді»,- деді өз сөзінде «Нұр – Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің Ақсудағы бөлімшесінің төрағасы Р.Х.Сламбекова.

 

Іс-шараның екінші бөлімінде жиналған жұртшылық «Ақ ниет» ансамблінің өнерін тамашалады, кейін мекеке қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Қымызмұрындық» мерекесімен жалғастырылды.

 

Қаланың тұрғындарына назарына мерекелік бағдарламмен қатар ұлттық және қолданбалы өнер көрмесі ұсынылып. Ниет білдіргендердің барлығына қымыз бен бауырсақ ұсынылды.

Айтпаев Мақсат

Фото

5085

Фото

5086

Фото

5087

Фото

5088

Фото

5089

Фото

5090

Фото

5091

Фото

5092

Фото

5093

Фото

5094

Фото

5095

Фото

5096