5002Бүгін Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің қазақ мәдени орталығының тәрбиеленушілері салт-дәстүр жайында көп мағлұматтар алды. Бөлімше тәрбиеленушілері қатысушыларға туған жер, Отан туралы тақпақтар айтып, «Жастар биі» күйін орындады. Көрініс арқылы «Сүйінші, шілдехана, бесікке салу, аластау, тоқым қағу, тұсау кесу, араша, есім қою т.б салт – дәстүр, ырым тыйымдары көрсетіліп, соңы ұлттық ойындар: Омпы, ханталапай, аударыспақ, көтермек, орамал тастау, оқтау тартыс, жамбы ату, хан алу т.б ойындармен жалғасып белсенді қатысушылар,  яғни жеңімпаздар сый – сыйапатқа ие болды. Әрі қарай 5 тілде домбыраның сүйемелдеуімен  Калинниковтың «Құрбы қыздар», Волфган Амадей Моцарттың «Аллегретто» шығармалары орындалды. Сонымен қатар тәрбиеленушілер бесік жырын және тұсау кесу жырын айтып үйренді.

Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің қазақ мәдени орталығының педагогы Апушева А.А.

Фото

5002