4983Өткен демалыс күндері Паворлар облысы, Ақтоғай ауданында облыстық «Славяне» этномәдени бірлестігінің 15 жыл және болгар халқының қазақ жеріне қоныс аударғанына 110 жыл толуына арналған мерекелік шара өткізілді. Осы шараға Қазақстан Республикасындағы Болгария Республикасы Елшілігінің Консулы Митко Христов және елшіліктің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Бочварова Галина, Ақтоғай ауданының әкімі Ағыбай Қойшыбайұлы Әмірин, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы, сондай-ақ Ақтобе мен Талдықорған қалаларынан келген қонақтар мен облыс жұртшылығы атсалысты.

20-ғасырдың басында столыпин реформалары кезінде оңтүстік Бессарабия мен Украина болгарлары шығысқа көшірілді. Бүгінгі күні Қазақстан жеріне қоныстанғандардың алтыншы ұрпағы елімізді мекен етіп, бір бөлігі осы іс-шараға қатысты. Қонақтар қатарында Ақтөбе және Қостанай, сондай-ақ Германия және Ресей Федерациясынан келгендер де болды.

Ақтоғай ауданындағы іс-шаралар киелі қазақ даласына болгар халқының қоныс аударуының 100-жылдығына арналған, 10 жыл бұрын бой көтерген ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Өз сөзінде Ақтоғай ауданының әкімі района Әмірин Ағыбай Қойшыбайұлы халық достығы мен бірлігі барлық жетістіктер мен жеңістардің іргетасы болып табылатынын айтып өтті. «Жаңа, және әлдеқайда қатаң табиғи жағдайларына тез бейімделіп, болгар халқы құнарлы жерді бірден игере бастады. 30-шы жылдардағы аштық пен репрессияларды бастан кешірді. Ұлы Отан соғысының бірінші күндерінен бастап, барлық Кеңес Одағының халықтарымен бірге жеңісті жақындата түсті» - деді ол. Сонымен қатар, ол Қазақстан халқының бірлігінің дамуына зор үлесін қосқан дара тұлға, танымал саясаттанушы, ақын, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дымов Олег Григорьевичті бір мигнут үнсіздікпен еске алды.

Сарыарқа даласы кең әрі қонақжай екенін 1907-1908 жыдлдары да дәлелдеді. Осылайша қазақ даласында Разумовка мен Андриановка ауылдары пайда болды. Қазіргі таңда облыста 1000-ға жуық болгар этносының өкілі тұрады, ал Ақтоғай ауданында 200-ден астам болгарлар тұрады.

Елдің өркендеуіне өздерінің ерен еңбектерімен үлестерін қосқан Дымовтар, Фучижи, Тетикли, Драгановтар,  Серовтар, Баклажанскийлер, Соколы, Витковтар, Миховтар, Стояновтар, Кисенко, Тодоровтар, Галюроевтер, Станчеловтар, Юсимбелилер әулеттері өңірімізде жақсы танымал.

2002 жылы облыстық «Славяне» болгар этномәдени бірлестігі құрылды. Этномәдени бірлестіктің төрағасы Шатова Валентина Николаевна болып табылады. Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде арнайы шақырумен Болгариядан келген ұстаз көмегімен орталық қатысушыларына болгар тілі мен мәдениетін үйренуге барлық жағдайлар жасалған. Жылсайын мектеп түлектері Болгария жоғарғы оқу орындарына түсуде болгар тілінен жоғары баға алып София, Варны, Благоевград қалаларындағы ЖОО-на түсіп, оқуларын жалғастыруда.

 

Ақтоғай ауданындағы ауқымды іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерт «Туған жер» әнімен басталды.Бағдарламаға облыстық болгар ЭМБ-нің «Росна кидка»,  «Бяла роза», и «Лазарки» шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ Андриановка ауылының өнерпаздары мен Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің  оқушылары қатысуымен өтті.  Мереке қонақтары – Ақтөбе қаласынан келген ұжымдар да әнмен биден шашу шашып, халықтың көңілінен шықты.

Айтпаев Мақсат

Фото

4984

Фото

4985

Фото

4986

Фото

4987

Фото

4988

Фото

4989

Фото

4990

Фото

4991

Фото

4994

Фото

4983