4969Өткен демалыс күндері орталық мәдениет және демалыс саябағында «Бір шаңырак астында» атты жазғы фестивалі аясында, славян мәдениеті күні өтті. «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұжымы осы күні павлодарлықтарға үлен бағдарлама, оның ішінде: ұлттық киімдер мен көркем өнер кәсібінің көрмесін, салт-дәстүрлерді сипаттайтын қойылымдарды ұсыным, көрермендерге ұлттық тағамдардан тәм татырды.

 

«Бүгінгі күні орыс xалқының "Славян" мәдени орталығы өз өнерлері мен ұлттық салт-дәстүрлерін қала тұрғындарына ұсынуда. Келесі аптада "Фино-угор" ұлттық мәдени орталығы мен кәріс ЭМБ ұжымдары өз мерекелеріне шақырады. Күзге дейін қаламыздағы 24 этномәдени бірлестік осылай өз мәдениетінің күндерін атап өтеді. Қорытынды концерт Қазақстан Конституциясы күні қарсаңында ұйымдастырылып, бірлестіктердің белсенді өкілдері марапатталады», - деді хатшылық меңгерушісі, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев.

 

Іс-шара шеңберінде фин-угор мен қарашай-черкес би ансамблі, «Соседушки», «Славяки», А.Шиллер хоры қонақтарға өздерінің әдемі билері мен әндерін паш етті.

 

Шара барысында "Славяки" әжелер ансамблі қазақтың "Сары жез құмған-ай" әнін орындаса, Клавдия Кузьминская, Алима Макитова сынды әншілер орыс xалық әндерінен шашу шашты.

 

Балалар да назардан тыс қалмай, өздерінің көркемдік дағдылары мен қиялын көрсетіп, асфальт суреттері байқауына белсенді қатысты.

Диана Нұрсарина

Фото

4969

Фото

4970

Фото

4971

Фото

4972

Фото

4973

Фото

4974

Фото

4975

Фото

4976

Фото

4977

Фото

4979

Фото

4980

Фото

4981

Фото

4982

Фото