4843Бүгін облыс орталығындағы «Достық үйінде» Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІІ сессиясы өтті.

«Жаңғырудың негізі – тұрақылық, бірлік, келісім» атты шараға аймақ басшысы Болат Бақауов, этно-мәдени бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері және студент жастар қатысты.Аймақ басшысы Болат Бақауов өңірдегі этномәдени бірлестіктер жұмысын жүргізіп, сан түрлі ұлттың мәдениеті мен тілін, діні мен ділін жаңғырту үшін ауқымды шаралар атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, жуырда ғана жарық көрген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары  аясында атқарылатын жұмыстар жайы сөз болды.

-                     Облыстық ассамблея, этномәдени бірлестіктер,  Қоғамдық келісім кеңестері бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын облыс тұрғындары арасында насихаттап, негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы орайда, Ертістің Павлодар өңіріндегі ассамблея құрамындағы қоғамдық бірлестіктер де осы маңызды құжатта көрсетілген бағдарламаларды атқаруда аянып қалмайды деп сенемін. Бізге «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда жинақылық пен жүйелілік қажет. Біздерге жүктелген міндеттің жүгі ауыр, әрі жауапты, - деді аймақ басшысы Болат Жұмабекұлы.

 «Ботатырь көмір» ЖШС-нің қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ерболат Қоңырбаев - туған жерінің өсіп-өркендеуіне әр адам өзінше үлес қосып, аянбай еңбек етуі керек деген пікірде. Оның айтуынша аталмыш серіктестікте 40-тан астам этнос өкілдері тату-тәтті еңбек етуде.

-                     «Богатырь» еңбекшілері ұлтаралық келісіммен сыйластықтың, өзара ынтымақтастықтың  берік болуын әркезде қолдап келеді. Қазіргі таңда біз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды мақаласында көрсетілген міндеттер бойынша еңбек етіп келеміз. Жалпы, туған жерге, өз халқымызға көмек қолын созудан ешқашан аянып қалған емеспіз, - деді Е.Қоңырбаев.

Жиын барысында этно-мәдени бірлестік өкілдер осы күнге дейін атқарған жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытта Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың мақаласы аясында аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.

Атап өтерлігі, бүгінде Павлодар өңірінде 80-нен астам ұлт өмір сүресе, облыстық этно-мәдени бірлестіктердің саны 27-ге, аудан-қалалардағы бірлестіктердің қатары 84-ке жеткен.

Сессия соңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары лауазымына «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилованың кандидатурасы ұсынылып, бір ауыздан қолдау тапты. Облыс әкімі Болат Бақауов бұған дейін бұл қызметті атқарған Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті облыстық серіктестігінің төрағасы Михаил Парипсаға елеулі еңбегі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, ел бірлігін сақтауға, қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан еңбегі үшін Баянауыл аудан, Майқайың кенті мәдениет үйінің маманы Берікбол Мунталиев облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Железин ауданы «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Майтуна Аңсабаева, Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігінің Екібастұз қалалық филиалының төрайымы Мария Колодюк, облыстық «Дустлик хайот» өзбек этномәдени бірлестігінң төрағасы Алижан Мирахмедов облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сессия асында облыстық этно-мәдени бірлестік өкілдері жасаған қөлөнер бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырлды.

Қарлығаш Хашымқызы

Фото

4844

Фото

4845

Фото

4846

Фото

4847

Фото

4848

Фото

4849

Фото

4950

Фото

4951

Фото

4952

Фото

4843

Фото

4953

Фото

4954

Фото

4955

Фото

4956

Фото

4957

Фото

4958