4748121 мамыр күні “Достық” концерттік залында дәстүрлі “Бірлік” этнофестивалімен Ұлттық жаңғыру мектебі оқу жылын тәмандады. Фестиваль катысушылары: 14 ұлттық бөлімшелерінің тәрбиеленушілері, хореографиялық және вокал топтары. Сонымен қатар фоейеде қонақтар мен ата-аналар назарына тәрбиеленушілердің қол өнер туындылары мен жетістіктері, педагогтардың әдістемеліктері  ұсынылды.

 

Фестиваль шымылдығын “Достық” домбырашылар ансамбілі ашып, әр бөлімше көрермендерге ұлттық нақыштағы өнерлерін паш етті.

 

 Мектеп ұжымы мен тәрбиеленушілерді  тілдерді дамыту жөніндегі бөлім басшысы С.Османова, облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі С.Қалижанұлы, шешен-ингуш ЭМО жетекшісі Ахмедов Мумади және мектеп директоры Е.Айтқұловтар құттықтап, еңбегі бағаланған ұстаздарды мақтау қаздарымен, түлектерді мектеп сертификаттарымен және жыл бойы белсенділік танытқан тәрбиеленушілерді алғыс хаттарымен марапаттады.

 

Жыл сайын еліміздің және шекаралас мемлекеттер алаңдарында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, мектебіміздің атын паш етіп жүрген таланттарымыз баршылық. Петрова Полина, Митченко Вероника, Сафина Зарина, Мадьярова Дария, Лобурцова Полина  және басқа тәрбиеленушілер, олардың педагогтары  мектеп қоржынын әр деңгейдегі диплом және мақтау қағаздарымен толықтырды.

 

  “Бірлік” этнофестивалі бұл тек жыл қорытындысы ғана емес, бұл достық символы, шығармашылық пен жас ұрпақтың патриоттық сезімінің көрінісі, бүгін де жас ассамблейістер жүректеріндегі  Отанға деген  сүйіспеншіліктерін көрсете білді.

Мереке керемет өтті.  Бүгін сахнадан біз  аймағымыздағы достық қарым-қатынасты, рухани құндылықтарды бағалауға баулитын ұлттық мәдениет үйлесімін тамашалай алдық. 

Фото

4749

Фото

4750

Фото

4751

Фото

4752

Фото

4753

Фото

4754

Фото

4755

Фото

4756

Фото

4757

Фото

4758

Фото

4759

Фото

4760

Фото

4761

Фото

47481