4748Жыл басында «Мың бала» республикалық мәдени- ағартушылық жобасы Павлодар облысы бойынша бастау алып, облысымыздың барлық оқу мекемелерінде, мектеп оқушылары, балабақша тәрбиенушілері арасында өткізілді. Міне бүгін, облыстық деңгейде жеткен қатысушылар өзара бақ сынасып Республикалық сайысқа жолдама алды. Бұл сайыс екі этаптан тұрады, біріншісі өзің-өзі таныстыру, екіншісі шешендік өнер.

Қазақстан жерінде тұрып жатқан сан-алуан ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді құрметтеп, оны жетік меңгеруге деген құлшыныстарын Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдан, бүкіл Қазақстан бойынша барлық өңірлерде жас өрендерді осы жобаға тарта бастадық. Осымен үшінші жыл қатарынан Павлодар облысында «Мың бала» жобасы облыстық білім басқармасының тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отыр. Жүзден жүйрік деп танылған жеңімпаздар жыл сайын Астана қаласында өтетін «Мың бала» мәдени- ағартушылық жобасының қорытынды байқауына қатыса алады. Бүгін осындай мүмкіндікті 53 оқушы пайдаланып, өз бақтарын сынамақ.

Осы іс-шарасына Ақтоғай, Железин, Лебяжі, Павлодар, Успен, Шарбақты, Май, Қашыр аудандары және Ақсу, Екібастуз, Павлодар қалаларының оқушылары қатысты.

Қорытынды бойынша 1 орындарға  Екібастуз қаласының № 33 ЖОББМ 3 сынып оқушысы Веренина Арина, Павлодар қаласының № 13 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Лисицина Елена, Шарбақты ауданының Жанауыл  орта мектебінің 10 сынып оқушысы Целипоткин Сергей ие болды. Ал шығармашылық шеберлігі үшін Кенжекөл орта мектебінің 2 сынып оқушысы Ленчик Камиль ақшадай сыйлықтын иегері болып аттанды.

Диана Нұсарина

Фото

4748