4725Биылғы жылы Павлодарлық Қымызмұрындық мейрамы халықаралық дәрежеде тойланды. Мерекені атап өтуге Омбы, Қарағанды, Ақмола, Алматы және Өңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары келген болатын.

 

Қымызмұрындық – бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Құлын байлап, бие сауылып оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-көлемдер «қымызмұрындыққа» шақырылған. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді.

 

Жобасының авторы, мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі  Әприза Құсайынованың айтуынша, Қымызмұрындық алғашқы рет 1992 жылы Ақмола облысында аталып өтілген.

 

«Бүгінгі ұрпақ ата- бабаларымыздан қалған ұлттық салт- дәстүрлеріміздің жаңғырту керекпіз. Биыл игі дәстүрдің жалғасып келе жатқанына 25 жыл толады. Бүгінгі таңдағы Қымызмұрындықтың тойлауына көңілім толмайды. Себебі бұл мерекені халықтық, республикалық деңгейге көтеру керек. Ұлттық сусынымызды әлемге танытып, қымыз ішу мәдениетін дамыту қажет»,- деді Ә.Құсайынова.

«Қымызмұрындық мерекесі биыл «ЭКСПО- 2017» көрмесіне орай халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Басты мақсатымыз- өзара достығымызды нығайту. Қымыз тек тағам ғана емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, салтанатын, байлығын, дастархан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Бүгін барлығы 14 киіз үй тігіліп, әрқайсысында 100 литрдей қымыз тегін таратылып жатыр»,- деді  «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилова. 

Сонымен қатар,  жұртшылық назарына Лебяжі, Қашыр, Ертіс аудандарынан мен Ақсу қаласының жергілікті қолөнершілердің жұмыстары ұсынылды.

Диана Нұрсарина

Фото

4726

Фото

4727

Фото

4728

Фото

4729

Фото

4730

Фото

4731

Фото

4732

Фото

4733

Фото

4734

Фото

4735

Фото

4736

Фото

4737

Фото

4738

Фото

4739

Фото

4740

Фото

4741

Фото

4742

Фото

4725