4704«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру үшін «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік семинар болып өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бірге ұйымдастырылды. 

Бұл семинарға Павлодар облысы ҚХА хатшылығының, «Қоғамдық келісім» мекемесінің, Достық үйінің қызметшілері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері, Жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен қызметшілері «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының жетекшілері, Дін істері басқармасының басшылары мен қызметшілері, ҚХА кафедраларының жетекшілері мен мамандары, ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері қатысқан болатын. Семинар бағдарламасы дәріс-әңгімелесулер, тренингтер, тәжірибелік сабақтар арқылы ұйымдастырылды. 

Өңірлердегі ҚХА қызметі: негізгі бағыттары мен басымдықтары, Қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы діни бірлестіктердің рөлі, Жастар арасында қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту, Этносаралық қатынастар саласын ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу туралы әдістер оқытылды.: «Жастардың әлеуметтік дамуы», «Қазақстан өңірлеріндегі этноәлеуметтік жағдай» брейн-стормингтар өткізілді. Семинар аяқталғаннан барлық тыңдаушыларға сертификат тапсырылды.

Диана Нұрсарина

Фото

4705

Фото

4706

Фото

4707

Фото

4708

Фото

4704