4647Бүгін орталық алаңында қаланың тұрғындары Наурыз мерекесін қарсы алды. Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем, достық, бейбітшілік мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. 

Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. 

Қаланың ірі кәсіпорындары мен білім беру мекемелері өздерінің киіз үйлерін тігіп, алдына шағын сахна құрыпты. Қала тұрғындары бауырсақ, палау, қымыз және наурыз көже дәмін тәтті. Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. 

Ал төменгі жағалауда «Наурыз керуен» атты сахналық қойылым ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. 

Мереке тойлауға  Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ белсенді қатысты. Ойын алаңында этномәдени бірлестіктер, павлодарлықтар назарына, өздерінің ұлттық ойындарын ұйымдастырды. Жастар да, балалар да, үлкендер де келіп, ұлттық ойындарына  белсенді қатысты. Ойындар өте қызықты болғандықтан, жанкүйерлердің саны сағат сайын артыра бастады. Қаланың ең күшті және батыл ер азаматтар «арқан тарту» ойынға қатысып, ал балалар «асық ату», «Ташчилка», «Ким олади-ё, шугинани-ё?» т.б. ойындарына белсенді қатысып, жақсы әсер алған. Барлық жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етілді.

Диана Нұрсарина

Фото

4648

Фото

4649

Фото

4650

Фото

4651

Фото

4652

Фото

4653

Фото

4654

Фото

4655

Фото

4647