4600Бүгін Достық үйінде Павлодар облысының әкімінің орынбасарымен Бегентаев Мейрам Мұхаметрахимұлымен және этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының талқылау өтті.

Жыл басында Елбасымыз халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады.

Осылайша, қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.

Мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

«Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім.

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек»- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев деді. 

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 

Облыстық украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Михаил Сергеевич Парипса, медиация орталығының басшысы Николашина Ольга Леонидовна, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы  Әбдіқалықов Идият Бекболатұлы Елбасымыздың сарабдал  саясатының арқасында біздің елімізде, бейбітшілік пен тұрақтылықтығы орнағанын атап өтті.

Диана Нұрсарина

Фото

4601

Фото

4602

Фото

4600