4543Өткен жекскнбіде Достық үйінде Павлодар облысының жеріне, ежелгі қазақ даласына, әрине Наурыз мейрамына арналған облыстық «Беларусь» этномәдени бірлестігінің «Гуканне вясны» мерекелік бағдарламасы өтті.  «Көктемді шақыру» - бұл белорус халқының бірінші көктем мерекесі. Осы уақытта құстар келіп, көктемді өз қанаттарында әкеледі деген сенім бар. Бұл әдемі, жарқын және қуанышты мереке 14 наурыздан бастап, көктем келгенше тойлайды екен.  Беларустардың нанымы бойынша, көктем  Лада сұлулық жебеушісі бейнесінде болды. Ол келсе, жылы болады, болашақ егін, адамның өмірі гүлденеді. Бірақ ол үшін оны шақырту керек, сондықтан олар қағаздан және қамырдан кұстарды дайындап, көктемді шақырады.

Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы мен облыстық «Беларусь» этномәдени бірлестігінің төрайымы Богнат Людмила Ивановна барлық жиналған қауымды көктем мерекесімен құттықтап, әр үйге жылу, жайлылық пен амандық тіледі.

Сондықтан көктемді қарсы алу мерекесі өте көңілді өөтті. Мерекеслік бағдарламаға жастар да, балалар да, үлкендер де бірдей қатысты.  Қонақтарға мен көрермендерге құстардың түрінде «жаворанки» деп аталатын тоқаштар тапратылды. Қогнақтар тілектерін айтып, ағашқа қағаздан жасалған құстарды ілді.

Балалар ән айтып, би билеп, өлең оқып  көрермендерді қуантты. «Карамель», «Крыницы», «Жаураначек», «Пралески», «Свитанак», «Надзея» ансамбльдері және «Дабранач» вокалды-аспаптық ансамблінің орындауындағы әндер мен билер көрермендердің жүрегін баурап алды.

Диана Нұрсарина

Фото

4544

Фото

4545

Фото

4546

Фото

4547

Фото

4548

Фото

4549

Фото

4550

Фото

4551

Фото

4552

Фото

4553

Фото

4554

Фото

4555

Фото

4556

Фото

4557

Фото

4558

Фото

4543