443816 наурыз күні Достық үйінің мәжіліс залында Павлодар облысының ҚХА-ның өкілдері мен губернатор Виктор Назаровпен келген Омбы ресми делегациясының мүшелерімен кездесуі өткен болатын.

Кездесуге өңірлік этномәдени бірлестігінің төрағалары, Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің басшылығы мен мұғалімдері және «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты.

Қонақтар қатарынан іс-шараға «Сибирь» (Достық үйі) «Аймақаралық ұлттық- мәдени және спорттық бірлестігі» Омбы облысының мәдениет бюджеттік мекемесінің директоры Степанова Наталья Альфредовна, Ресейдің азиялық бөлігінің мұсылмандары діни басқармасының бас муфтиі орынбасары, Омбы қаласының және Омбы облысының мұсылмандарының  Орталық діни басқармасының муфтийі, Омбы облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясының өңірлік қоғамдық ұйымының президенті Бакулин Бота Зейнилхабиденұлы және Омбы облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясының өңірлік қоғамдық ұйымының Президентінің көмекшісі Асаинова Зәуреш Нұржанқызы қатысты.

«Ресей Федерациясының Омбы облысының достықты ту еткен делегацияның Павлодар облысына сапары өніріміздің барлық тұрғындары үшін өте маңызды» - деп атап өтті, кездесудің модераторы, Павлодар облысының ҚХА-ның қоғамдық төрағасының орынбасары, облыстық украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Парипса Михаил Сергеевич деді. «Бүгінгі кездесуіміз біздің өңірлеріміз арасында әлеуметтік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында өтіп жатыр», - деді ол.

Кездесу диалог форматында өтті. Барлық қатысушылар сөз сөйлеп, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара бнәтижесінде Омбы қаласының Достық үйі, Павлодар облыстық ҚХА  және Павлодар облысы әкімі апаратының «Қоғамдық келісім» КММ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

«Келісімге қол қою арқылы біздер өзара қарым-қатынас шекарасын кеңейтуге мүмкіндік алдық. Біздер өзара түсіністік, ынтымақтастық пен достықты әрқашан сақтауымыз тиіспіз», - деді Омбы Достық үйінің директоры Наталья Степанова Альфредовна.

Іс-шараның екінші бөлімінде Достық үйінде экскурсия өтті. Қонақтарына, ұлттық жаңғыру мектебінің сыныптары, аймақтық этномәдени бірлестіктерінің бөлімшелері мен мұражай көрсетілді.

Айтпаев Мақсат

Фото

4439

Фото

4440

Фото

4441

Фото

4442

Фото

4443

Фото

4444

Фото

4445

Фото

4446

Фото

4438