44171 наурыз  Молдова және Румынияда көктемнің алғашқы күні ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі салттық мереке күні болып табылады. Көктемді қарсы алу мерекесі «Мэрцишорды» Достық үйінде дүбірлі думанмен қарсы алды. Мерекесінің ұйымдастырушысы болып «Буковина» румын-модавия этномәдени бірлестігі атанды.

Бұл күні адамдар бір-біріне ақ және қызыл түсті жіптерден жасалған гүл түріндегі шағын ілмектерді сыйлайды. Бұл сыйлықтар, мереке сияқты, мэрцишор деп аталады. Мереке аясында балалар көптеген әдемі өлеңдер оқып, қонақтарға мэрцишорларды сыйлап, дәстүр бойынша олалды жеміс ағашына ілу дәстүрін көрсетті.

Ескі салт бойынша мэрцишор бір ай бойы киімге ілініп тұруы керек. Оларды тек 31 наурыз күні жеміс ағаштарына ілген. Бұл салтты орындаған адамдар үшін келесі жыл табысты болады деп саналады. Мэрцишор ағашқа ілінген кезде тілектер айтылады және олар, міндетті түрде, орындалады деген сенім бар. Молдованың көптеген қалалары мен ауылдарында, сәуір айының басында, ағашқа ілінген көптеген мэрцишорларды көруге болады. Ал Румынияда мэрцишорлар киімге тек 2 апта бойы тағылады. Сенім бойынша, бұл дәстүр адамдарға мықты денсаулық сыйлайды.

Осы  көктем мерекесіне орай, жиналған қауымға Достық үйінің би ансамблі, «Фантазия» ансамблі, румын-молдавия этномәдени бірлестігінің вокалдық ансамблі, Инновациялық Еуразия Универститеті колледжінің «Толқын»  және «Алтын дауыс» вокалдық дуэттері, сондай-ақ, басқа да көптеген жеке орындаушылар шығармашылығын паш етті.

Құттықтау сөздерінде Павлодар облысы бойынша ҚХА төрағасының орынбасары, украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Парипса Михаил Сергеевич және румын-молдова этномәдени бірлестігінің төрағасы Дяк Аурика Георгиевна жиалған жұртшылықты көктем мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт пен береке тіледі.

Айтпаев Мақсат

Фото

4418

Фото

4419

Фото

4420

Фото

4421

Фото

4422

Фото

4423

Фото

4424

Фото

4425

Фото

4426

Фото

4427

Фото

4428

Фото

4429

Фото

4430

Фото

4431

Фото

4432

Фото

4417