440010 наурызда Достық үйінде «Даулар мен жанжалдарды шешудегі медиация негіздері» атты семинар өтті. Семинар-тренинг спикері болып «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, ТМД Экономикалық сотының халықаралық арашашысы, «Қазақстан медиаторлар қауымдастығы»  заңды тұлғалар қауымдастығының бас директоры, бапкер-медиатор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Жақыпов Жанділә Ажіғалиұлы атанды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің медиация орталығының басшысы Николашина Ольга  Леонидовна шараның мақсаттары туралы айтып берді. «Семинар  дауларды бейбіт жолмен шешу үшін, медиация және бітімгершілік институттарын дамытуға және әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді сақтауға бағытталады», - деді ол. Сонымен қатар, іс-шараның мақсаты – арнайы саннатағы дауларды міндетті сотқа дейін реттеуді енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының пилоттық жобасын тиімді іске асыру болып табылады деп бөлісті ол.

Cеминар-тренингке мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот судьясы Иванова М., қалалық сот судьялары  Әбдікәрімов Н. және Түменбаева А., отставкадағы судья Парамонова Л. және Тыртықбаева А. атсалысты. Сондай-ақ, іс-шараға кәсіпқой медиаторлар, мемлекеттік мекемелердің  және үкіметтік емес органдардың өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

 

Айтпаев Мақсат

Фото

4401

Фото

4402

Фото

4403

Фото

4404

Фото

4405

Фото

4406

Фото

4407

Фото

4408

Фото

4409

Фото

4410

Фото

4400