439310 наурызда Достық үйінде конституциялық реформаларды қорытынды талқылауға арналған отырыс өтті. Жиынға Павлодар облысының этномәдени бірлестік өкілдері, ақсақалдар алқасының, аналар кеңесі мен қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, облыстық ҚХА жанындағы жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.

Іс-шараның модераторы болып Павлодар облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдіқалықов Идият Бекболатұлы атанды. Жиын барысында сөз сөйлегендердің қатарында Павлодар облысы прокурорының көмекшісі Мұзатов Мұрат Амангелдіұлы, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Парипса Михаил Сергеевич, саяси ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститетінің профессоры Елмұратов Ғани Жұмабекұлы, сонымен қатар, облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық ҚХА жанындағы жастар ұйымдарының үйлестіру кеңесінің төрағасы Паули Элина Сергеевна болды.

Заң жобасы бойынша Конституцияның 19-бабына 26 өзгеріс мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Павлодар облысының прокурорының көмекшісі Мұзатов Мұрат Амангелдіұлы толық айттып берді. Мұрат Амангелдіұлының айтуынша жаңа заң парламенттің мемлекеттік істерді атқаруда және үкіметті құруда құзіретін арттыра түспек. Конституциялық бақылау жүйесі де жоғарылайды. Конституцияға сәйкес Президент жоғарғы мемлекеттік биліктің қамтамасыз етеді. Оның құзырында Конституцияны, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты қорғау саласы, қорғаныс, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты сынды стратегиялық маңызды функциялар қалмақ. 

 

Мақсат Айтпаев

 

Фото

4394

Фото

4395

Фото

4396

Фото

4397

Фото

4398

Фото

4399

Фото

4393