432024 ақпанда Достық үйінде Павлодар қаласының әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті.

Іс-шара шеңберінде көптеген мәселелер қарастырылды. Нұржан Кемерұлы Әшімбетов халықпен есеп беру кездесуі және тұрғындардың барлық ұсыныстарды назарға алғаны туралы айтты. Жазғы уақытта оқушылар үшін транспорт туралы мәселе шешілді. Сондай-ақ, Ленин кенті GPS жүйесі өткізілді, бұл онлайн режімінде автобустың қай уақытта жүретінін қарауға мүмкіндік береді. Бұл осы кент тұрғындары үшін өте ыңғайлы, олар автобусты күтуге уақыт кетірмейді. Ерекше назарды әкім коммуналдық және тұрғын үй мәселелеріне көңіл бөлді, түскен ұсыныстардың барлығы назарға алынды.

Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Нұржан Кемерұлына алғыс хат табыс етті және оның еңбегімен жауапкершілігін белгілеп етті. Кездесу соңында барлық басшыларға алғысын білдіріп, оларға жемісті еңбек пен сәттілік тіледі.

Фото

4320