00001Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Болат Бақауов Павлодар облысының қыз-келіншектерін құттықтады.

Аймақ басшысы «Достық» үйінде депутаттармен, мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларымен, мемлекеттік қызметшілермен және көп балалы аналармен кездесті. Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес, Болат Бақауов жеті және одан да көп бала тәрбиелеген аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» тақты.

- Павлодар облысының барлық ер азаматтары атынан адалдықтарыңыз, қамқорлықтарыңыз, сүйіспеншіліктеріңіз және қайсарлықтарыңыз үшін үлкен алғыс білдіремін, - деді қыз-келіншектерге әкім. – Сіздер саясатпен, бизнеспен табысты айналысып жүріп, отбасының берекесін сақтай білесіздер. Бір философ «Бәрі адамның қолында, ал адам әйелдің қолында» деген болатын.

Оған қоса, аймақ басшысы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Кеңес одағының Батырлары Иван Кривенко және Махмет Қайырбаевтың жұбайларын үйлеріне барып құттықтады. Болат Бақауов Нина Кривенко мен Сәбира Әмірованы құттықтап, оларға гүл шоқтары мен мерекелік себеттер сыйлады.

 

www.pavlodar.gov.kz

Фотографии Валерия Бугаева

Фото

00002

Фото

00003

Фото

00004

Фото

00001