43742017 жылғы 3 сәуірде Успен ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы күніне орай облыстық ҚХА мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшылығы, Қоғамдық келісім кеңесі және облыстық этномәдени бірлестіктері басшылығының қатысуымен қоғамдық қабылдау бөлмесі, сондай-ақ «медиация» бағытында ақпараттық сессия жұмысы өтті.

Успен ауданыныдағы ҚХА күні конференциямен басталды. Іс-шараға аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері және кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.

Өз баяндамасында облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының басты міндеттеріне тоқталды. «Тұрақтылықты қамтамасыз ету, халық бірлігін және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, аймақтағы этносаралық және конфессияаралық келісімді қалыптастыру Қазақстан халқы Ассамблеясының басты миссиясы» - деді Сейсембай Қалижанұлы. Сондай-ақ, өз жұмысында облыстық ҚХА хатшылығы этносаралық келісімді қамтамасыз ету барысында, танымдық-тәрбиелік, мәдени-ақпараттық саласын қамти отырып, ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет және білім беру басқармаларымен тығыз байланыста жұмыс істейтінін тілге тиек етті.

Конференция аяқталғаннан кейін аудан қонақтары мен тұрғындары Успен ауданың және облыстық ЭМБ-нің  шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен үлкен концерттік бағдарламасына қатысты.

Тұтастай алғанда, аудандағы ҚХА күні аясындағы өткен шараларда қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтар мен ұсыныстар қаралды.

 

Айтпаев Мақсат

Фото

4375

Фото

4376

Фото

4377

Фото

4378

Фото

4379

Фото

4380

Фото

4381

Фото

4374