4341Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алғыс айту күніне орай, «Достық» концерт залында, «Қазақ халқына ризамыз!» атты мерекелік іс-шарасы өтті. 

Бұл мереке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен Қазақстанда Алғыс айту күні 1 наурыз аталып өтіледі деп бекітілді. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. 

Барша жиналған қауымды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отыра, Павлодар облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Болат Жұмабекұлы Бақауов асыл халқымыз: «Алтын алма, алғыс ал. Алғыс - елдің сыйы» дейді, деп атап өтті. «Біздің еліміз қашан да алғысқа бөленіп, жақсылығын жақыны түгіл, жат жұрттан аямаған халық. Барлық ұлт пен ұлысты бауырына басып, барын беріп, жандарына жылу сыйлағаны - шексіз алғыстың айқын дәлелі. Бүгінгі мереке - елімізде тату-тәтті тұрып жатқан, барша ұлт өкілдеріне қорған болған, Ұлы Дала Еліне деген алғыс күні деп білемін» - деді Болат Жұмабекұлы. Сондай-ақ, ол облыстық қабарда-балқар және қарашай-черкес этномәдени бірлестігінің «Қазақ халқына мың алғыс» және облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Еске алу күні» шараларын өткізгенін, осы арқылы қиын-қыстау заманда бауырына басқан қазақ халқына ризашылығын білдіргенін тілге тиек етті.

Ерен еңбегі мен ҚХА дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Мирахмедов Алижан Наимұлына табыс етілді. Сонымен қатар, «Халықаралық  Невада – Семей антиядролық қозғалысына 25 жыл» медалімен «Ватан» әзірбайжан ЭМБ төрағасы Махмудов Джафар Джафарович, ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің алғыс хатымен «Анагениси» хореографиялық ұжымының жетекшісі Дьяченко Светлане Ивановнағ марапатталды. 

Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», - деген болатын. 

Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Бүгін Павлодар жерінде 24 облыстық этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар бір отбасының баласындай  ұлттық саясатты іске асыруда үлкен жұмыс атқаруда. Айтулы шараға барлық обыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысып сөз сөйледі.  

Құттықтау сөзінде белорус ЭМБ төрайымы Богнат Любовь Ивановна Ел Президентіне және қазақ халқына шексіз алғысын білдірді. Ал «Полония» поляк ЭМБ төрағасы алған сөзінде: «Мерекенің тарихы - ол осы жерде ежелден өмір сүрген халықтың тарихы. Бұл күн көпұлтты еліміздегі барлық этникалық топтардың мерекесі деп білемін. Барлығымыз бір-бірімізге ризашылығымызды білдіруіміз керек, сонымен қатар, жеріміздің жасаған жақсылығын бағалап, Қазақстанның дамуына үлесімізді қосуымыз тиіспіз» - деп айтып өтті.  

Облыстық ҚХА, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі және барлық облыстық этномәдени бірлестіктердің мұрындық болуымен ұйымдастрылған дүбірлі думан 30-дан астам шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.  

 

Айтпаев Мақсат

Фото

4342

Фото

4343

Фото

4344

Фото

4345

Фото

4346

Фото

4347

Фото

4348

Фото

4349

Фото

4350

Фото

4351

Фото

4352

Фото

4353

Фото

4354

Фото

4355

Фото

4356

Фото

4357

Фото

4358

Фото

4359

Фото

4360

Фото

4361

Фото

4362

Фото

4363

Фото

4364

Фото

4365

Фото

4366

Фото

4367

Фото

4368

Фото 

4369

Фото 

4370

Фото 

4371

Фото 

4372

Фото 

4373

Фото 

4341