4323П.Васильев атындағы қалалық кітапханада Мичурин және Кенжекөл ауылдары балалар үйінің тәрбиеленушілерімен «Я вырос здесь и край мне этот дорог» атты тақырыпта ауызша журнал, кездесу  ұйымдастырылды.

Бұл шараның басты мақсаты балалармен ерекше, қызықты әңгіме жүргізіп, іліп алар кеңес беру, келешекте балалар үйімен тығыз қарым-қатынас жасауға қадам  жасау.

«Живем в семье единой» журналының қатысушылары құрамында «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызы, армян бөлімшесінің педагогы Аракелян Сусанна Дерениковна, қабардін-балқар және қарашай-шеркес бөлімшесінің педагогы және облыстық этномәдени бірлестігінің төрайымы  Байрамкулова Мария Алботовна болды. Олар балаларға қаламыздың тамаша мекемелерінің бірі Достық үйі туралы әңгімелеп, әсем ән тарту етті.

 

Фото

4323