43222017 жылғы 21  ақпанда Халықаралық ана тілін мерекелеуге орайРеспублика бойынша«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасыбастау алды.

Жобаның мақсаты: Мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Жоба Ертіс өңірінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі, білім басқармаларының, қалалық білім мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігі аясында жүзеге асырылады.

Павлодарда «Достық үйінің» акт залында аталмыш жобаға арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Шараға мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар, этномәдени бірлестіктердің және Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғырту мектебінің  өкілдері қатысты. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша іс-шара «Мың бала» жобасына арналған арнаумен басталды.

Жиналған қауым алдында облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев біріңғай Қазақстандық қоғамды қалыптастыруда осы жобаның маңыздылығын айтып өтті. Жобаның негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, осы міндеттің дәлелі соңғы екі жылғы жоба жеңімпаздарының өнерлері болды. 2015-2016 жылдардың жоба жеңімпаздарының орындауындағы өлеңдер мен әндер жиналған қауымның көңілінен шықты. Жеңімпаздар: №24 ЖОББМ оқушысы Харчук Марина, №28 ЖОББМ оқушысы Кривошеева Лаура, СТИКС мектебінің оқушылары – Ляхова Юлия және Агамалиева Шазада, №41 ЖОББМ оқушысы Берг Ольга, №42 ЖОББМ оқушысы Бондарь Ирина.

«Мың бала» жобасы ақпаннан қарашаға дейін облыстың барлық қалалары мен аудандарында іске кірісті. Жоба облыстың барлық білім беру және мектепке дейінгі мекемелерінде: «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары; «Асыл сөз» мектебі; «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы; Этнос топтарының балалары мен жастары арасында мемлекеттік тілді насихаттайтын бейне роликтер түсіру; Алаш Орданың 100 жылдығына арналған «Кемел елдің – кемеңгер қаламгерлері» шығармашылық байқауы бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын болады.

 Н.Смагулова

облыстық ҚХА хатшылығының маманы 

 

4322