4321Достық үйінің конференц залында «Ақпанның қаралы күндері» атты шешен және ингуш халқының депортациясына арналған еске алу кеші өтті. Шараның бірегей ұйымдастырушысы шешен-ингуш этномәдени бірлестігі болып танылды.

1944 жылы 23 ақпан күні «Чечевица» атауына ие болған операция нәтижесінде 400 мыңнан астам адам тауар вагондарымен өз отанынан күштеп көшірілді. Облыс мұрағаты деректеріне сүйінсек, Павлодар аймағына  41 773 адам көшірілді. Ондаған жылдар өткеннен кейін Жылдар өткен соң депортация геноцид болып аталды. Соған қатысты актілер мен қаулылар қате саналып, күшін жойды.

Аталған оқиғаның кішкентай куәгері болған, бүгінде еліміздің сыйлы азаматтары кездесу үстінде өз естеліктерімен бөлісті. Тап болған қиыншылықтарын айтып, жамағат достығы жайында да сөз етті. Олардың пікірінше, тек қана жергілікті халқының көмегі арқасында қазақ даласына келгендер өз өмірін сақтап қалды.

«Біздің күшіміз бірлікте». Бұл сөздердің түпкі мағынасын әсіресе осындай шаралардан кейін түсініп, жүрекпен сезінесің.

Досым Ахметов

 

4321