4318Өткен демалыс күні Павлодар қаласының әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов Ұлы Отан соғысының ардагері, «Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ардагерлер кеңесінің мүшесі Николай Афанасьевич Гарусовты мерейтойымен құттықтады. Бұл күні мерейтой иесі 90 жасқа толды. Нұржан Кемерұлы Николай Афанасьевичке облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауовтың құттықтау хатын табыс етті, мықты денсаулық, бас амандығын және ұзақ өмір тіледі!

«Соғыс және еңбек ардагері бола отыра, сіздің өмірлік жолыңыз зор құрметке ие» - деп айтып өтті қала басшысы. «Сіз Ұлы Отан соғысы тарихын ықыласпен қастарлеп келесіз, ата-бабаңыздың жерін жадыңыздан шығармай, шын жүрегіңізбен Қазақстан жерін мақтан тұтасыз. Ортақ шаңырақ – Тәуелсіз Қазақстанда достықты нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтауісіне қосқан үлесіңіз баға жетпейді» - деді Нұржан Кемерұлы.

Осы күні мерейтой иесін атаулы датасымен облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев және «Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Любовь Ивановна Богнат құттықтады. Олар да туған күн иесіне туыстарының махаббаты мен қамқорлығына толы, қуанышты және шуақты күндер тіледі.

 

 

Айтпаев Мақсат

Фото

4319

Фото

4318