4290Достық үйінің концерт залында Тәжікстандағы бітімгершілік шарасына қатысқандарға арналған тақырыптық бағдарлама өтті. Атаулы мерекені «Славян мәдени орталығы»  этномәдени бірлестігі мен «Қазбат ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен ұйымдастырды. Оған студенттер, қалалық мектептердің ұстаздары мен оқушылары, әскерилер мен бітімгершілік миссиясының қатысушылары атсалысты. 

Іс-шара барысында көрермендерге мерекелік концерт ұйымдастырылып, залда отырған барлық қазбат әскерилеріне алғыс білдірілді. 

1989 жылы Кеңес Одағы өз әскерлерін Ауғанстаннан шығарып жіберіп, одақтас мемлекеттердің шекаралары ашық күйінде қалды. 1992 жылдың желтоқсанында Тәжікстанның Жоғарғы Кеңесі тәжік-ауған шекара телімінің күзетін күшейту мақсатында Қазақстанға, Қырғызстанға, Өзбекстан мен Ресейге жүгінді. Тәжік-ауған шекарасы Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің 1300 шақырымға созылып жатқан оңтүстік межесі болып табылады. Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің мүшелігіне кіреді. Шекараның үлкен бөлігі күрделі таулы аймақтарды басып өтеді.

Қазақстандықтарға Таулы-Бадахшан облысының күрделі шекара телімдері үлестірілді. 2001 жылдың 8 ақпан күні Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі кеңесінің шешімі бойынша атқыштардың соңғы взводы Тәжікстан Республикасынан шығарылады. Бітімгершілік миссиясының нәтижесі – 1000 нан аса ардагерлер түрлі топтағы мүгедек болып қалды, үйге қайтпай қалғандары қаншама?

Бітімгершілік миссиясының 8 жылы аралығында батальонға 55 павлодарлық шақырылды, оның үшеуі ерлікпен қайтыс болды. Железин ауданының тумалары ескерусіз қалмады, олар: Қанат Едырышов пен Амангелді Жұмабеков. Әскерилер оқыған мектепте мемориалды тақта орнатылған. 2015 жылы 15-қаңтарында Ақсу ауданында Шуленбаев орта мектебінде мемориалды тақта орнатылды. Ол марқұм болған үшінші батыр Валерий Сафроновқа арналған.

2007 жылы Душанбе қаласының саябағында тәжік-ауған шекарасын қорғаған қазақстандық әскерилерге арналған мемориалды тақта орнатылды. Ескерткіштің ашылуына қатысқан қазақстандықтардың қатарында әскерилер мен марқым болған жауынгерлердің ата-аналары болды. Тәжікстан Қарулы күштерінің бас штабының басшысы генерал-лейтенант Равил Надиров іс-шараға қатыса отырып, Тәжікстан халқы мемлекет шекарасын қорғаған қазақстандық жауынгерлерді ешқашан ұмытпайтынын айттып, барлық батырларға өз ризашылығын білдірді.  

 

Айтпаев Мақсат

Фото

4291

Фото

4292

Фото

4293

Фото

4290