4287Қ.Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы шеңберінде ұйымдастырылған  «Патриоттық тәрбие құралдары арқылы тәрбиеленушілерді толерантты қарым-қатынасқа тәрбиелеу»атты қосымша білім беру педагогтарына арналған қалалық ғылыми-тәжірибелік семинары өткізілді.

Семинар тақырыбы бойынша тарих ғылымдарының докторы, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық топ басшысы С.Н.Мамытова қатысып, қатысушыларға жалпы ұлттық «Мәнгілік ел» иедясының құндылықтарын түсіндірудегі негізгі құралдарын атады. Кейін Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, ««Беларусь»  мәдени орталығының»  төрайымы  Л.И.Богнат сөз алды, өз сөзінде жас ұрпақтың Ертіс өнірі ұлттарының рухани құндылықтарын үйрену арқылы үйлесімділіктің маңызы туралы ойын білдірді.

    Семинар «Бірлік» шығармашылық этнокейс және шеберлік сағаттарымен  жалғасты. Бес секцияда педагогтар келесі жұмыс түрлеріне қатысты: әлеуметтік театр, ұлттық ойындар, грек тіліндегі жаттығулар, қазақ мәдениеті негізін салыстыра отырып этнобұйым жасау. Семинар жұмысында 50 қала педагогтары қатысып, мектеп директоры Е.Айтқұлов куәліктер табыс етті.

 

Жамал Байманова

Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру

мектебі директорының орынбасары

Фото

4288

Фото

4289

Фото

4287