4211Жаңа жыл- бұл барлық адамдар шын мәнінде қандай да бір ғажайыпқа сеніп және күтетін кішігірім уақыт аралығы, сиқырлы шақ. Кішігірім уақыт аралығы бір күн болса керек, бірақ та адамдар оны қашан сағат 12 болады деп минут санай отыра күтеді.

Бүкіл әлем, Қазақстанның барлық халқы дархан дастархан жаяды, ең жақсы киімдерін киеді және әрине, Президенттің сөзін тыңдайды – осының барлығы дәстүрге айналған.

Біздің Достық Үйіміз – әрбір отбасына тән үлкендер, жастар мен балалар жиналатын бір үлкен жанұя, бізде де белгілі бір өз дәстүрлеріміз бар. 2017 жылғы 15 қаңтарда жастармен жұмыс жөніндегі бөлім ҚХА жастар кеңесімен бірлесе «Қысқы калейдоскоп» бағдарламасы шеңберінде 2016 ескі жылмен қоштасуға арналған жыл сайынғы ойын-сауық бағдарламасын дайындады.

Негізгі түрі болып жаңа жылдық би болды. Ұйымдастырушылардың ойы ниет еткендер мерекелік атмосфераны жасай отыра жаңа жылдық үлгілерде келді. Барлық ЭМБ жастарымен қойылған музыкалық нөмірлер, қызықты ойындар мен конкурстар іс-шара кезінде бірсарынды көшіп отырды. Олардың ішінде ең қызықтысы жаңа жылдық костюм конкурсы болды, атап айтқанда: мысық, ақшақар, перизат, жұлдыз санаушы, тауық, ковбой және тағы басқалары. Балалар өз кейіптерін тек қана сөзбен таныстырмай, өздерінің әдемі билерімен де таң қалдырды. Жеңімпаз сыйлық ретінде киноға екі билет алды, ал қалған қатысушылар болса назарсыз қалмады, оларға тәтті сыйлықтар тарту етілді. Кішкене ойын сауық бөлімінен кейін көптен күткен дискотека басталды.

Әсіресе балалардың жақсы белсенділігін атап өткім келеді, көңілді және жылы шырайлы жаңа жылдық көтеріңкі көңіл күй орнап тұрды.

 

Смағұлова Назигуль

 

 Фото

4212

 

 Фото

4213

 

 Фото

4214

 

 Фото

4215

 

 Фото

4216

 Фото

4217

 

 Фото

4211