4168Қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні 180 миллион православтықтар Рождествоны мерекеcін атап өтеді. Бұл бүкіл әлемде ең бір сүйікті мерекелердің бірі. Біздің көп конфессиялы республикамызда осы күн этностық діни ерекшеліктерге қарамастан барлық қазақстандықтар үшін ортақ шуақты мереке болып табылады. Дінге құрметпен және ұқыптылықпен қарау – Елбасы саясатының негізінің бірі. Осының арқасында Қазақстанда тұрақтылық пен келісім сақталуда.

Достық үйінде Рождество мерекесін дәстүрлі және қуанышты қарсы алды. Мереке құрметіне 3 облыстық этномәдени бірлестік Рождестволық ертеңгілікті ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар қатарында «Славяне» Павлодар облыстық болгар ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі мен «Эльпида» облыстық грек ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі болды. «Т.Г.Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестігі «Достық» концерт залында ауқымды рождестволық бағдарламаны ұйымдастырды.

Мерекенің күнтізбелі кәделі циклы өзінің ауқымды алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Салт-дәстүрге сәйкес Рождествода бидай, бұршақ және көкөністен жасалған тағамдар әзірленеді. Ескі дәстүр бойынша мерекеде дайындалған барлық тағамдар жеңіл болуы керек. Ондай тағамдар «сочево» деп аталады. Осыдан Рождество алдындағы кеш – сочельник деп аталады. Бұл осы кешке арнап дайындалған салттық тамақ.  Ежелде «сочево» қарақурай, қызыл бидайдан, арпадан, қарақұмықтан, бұршақтан және жасымықтан дайындалған.

6 қаңтарда сағат түнгі 12.00-де православтық ғибадатқаналарда салтанатты құдайға сыйыну басталады. Ал 7 қаңтар күні барлық туыстарды мен достарды осы шуақты мерекемен құттықтау салты қалыптасқан.

Мереке күндері этномәдени бірлестіктердің өкілдері Рождество мерекелеу дәстүрлерінің тарихымен бөлісті, іс-шараның барлық қонақтарын ұлттық тәтті тағамдардан дәм татырды. Кейбір салт-дәстүрлер сахнада көрсетілді. Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде қонақтар арасында ойындар, бал ашулар өткізілді. Ең белсенді қатысушыларға сыйақылар берілді.

 

Досым АХМЕТОВ

Фото

4168

Фото

4169

Фото

4170

Фото

4172

Фото

4173

Фото

4174

Фото

4175

Фото

4177

Фото

4178

Фото

4179

Фото

4180

Фото

4181

Фото

4182

Фото

4183

Фото

4184

Фото

4185

Фото

4186

Фото

4187

Фото

4188

Фото

4189