4159

«Медиация» латын тілінен «mediare»  «посредничать». 

Медиация – бұл адам құқығына, бостандығына құрметті арттыруға, өркениетті азаматтық және тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға, конструктивтік сұхбат жолымен әлеуметтік, өзге де келіспеушіліктерді, жанжалдар мен дауларды шешуге бағытталған институт.

Медиация не үшін қажет? 

Көптеген ғасырлар бойы медиация мемлекетаралық қатынастарда, отбасылар, көршілер, саяси партиялар, кәсіби, діни және өзге де қоғамдық топтардың арасында, парламенттік рәсімдерде дауларды реттеуде қолданылады.

Қазіргі заманда келіспеушіліктер мен талапты таластар, пікірлер мен мүдделер түйісіп кейде шешуге келетін дауларсыз қатынастар мен өзара әрекеттестікті көрсету мүмкін емес.

Өркениетті өзара қатыстық мәдениетті дамыту да және дауларды шешуде заманауи қоғамның жетістіктерінің ажырамас талаптары мен негіздері болып табылады.

Жақын адамдар, отбасы мүшелері, туыстар, балалар мен ата-аналар, достар, әріптестер, бағынушылар мен басшылар арасында мәдени қатынас пен даусыз өзара әрекеттестік дағдылары – бұл ішкі және сыртқы амандық, тыныштық, түсіністік және одан әрі дему кепілі.

Даусыз өзара әрекеттестік даулардан жылыстаудан гөрі керісінше, даулы жағдайларды жасау, қатынастарды жайдарлық пен ұғынудың сапалы жаңа деңгейіне шығаратын орынды және өзара тиімді шешімдерді табу.

Осыған байланысты біздің елімізде медиацияның маңыздылығы өсуде. Өйткені конструктивтік сұхбатты жүргізе білудің жоқтығы, артық кеудемсоқтық, жұрт алдында күшті көрсету, қорлау немесе оппонентті моральды жою даулы тараптарды тығырыққа әкеп соғады.

 

Медиация технологиясы қандай?

Жанжалдарды реттеуде көмек көрсету кезінде адамдар арасында өзара қатынастардың өзге де түрін құруға жағдай жасайды. Медиация дауларды реттеуде жлпы адамзаттық құндылықтарды енгізеді және оған сүйенген адамдарға теңдестірілген жағдайды сақтауға тырысады.

Медиация жанжалдың барлық қатысушыларының материалдық және моральдық шығынын азайтуға және қажеттілік кезінде алдағы уақытта олардың қанағаттанарлық және жайды қатар өмір сүруіне бағытталған.  Жаңа және біреудің шындығын іздестірудің орнына медиатор мәселелер мен өзара тиімді нәтижелерді бірлесіп шешуге тараптарды икемдеп келіссөз рәсімдерін ынтымақтастық арнасына бағыттайды. Медиатор – бұл тәжірибесі мен дағдасы бар және дауласушы, кейде бір-бірімен жауласушы тараптарды табыстыра алатын және оларды екі тарап мүдделерін , олардың әділдігі мен үйлесімдігін есепке алу негізінде дауларды реттеу туралы келісімді бекітуге әкеле білетін адам.

Қазақстандағы Медиация.

Қазақстандық ғалымдар мен заң шығарушылар дауларды реттеудің балама әдістерін қолдану туралы заңын қабылдамас бұрын көптеген жылдар бойы шетелдік құқықтық тәжірибені талдай отыра, бір уақытта медиацияны көпұлтты мемлекеттің ерекше жағдайларында медиацияны қолдану мүмкіншілігін зерттей отыра үлкен дайындық жұмысын атқарды, бұның мақсаты – дамыған азаматтық қоғаммен құқықтық мемлекетті құру.

Бүгінгі күні «Медиация туралы» заңы әрекет етіп жатқанда барлық Қазақстандықтар үшін оны қабылдау таңбалық құбылыс екені күмәнсіз. (Қазақстанда «Медиация туралы» заңы 2011 жылғы 8 қаңтарда қабылданды және 5 тамыздан бастап қолданыста).

Қазақстанда Медиация тек қана отбасылық және еңбек жанжалдарында қолданылмайды, және ол әр түрлі деңгейдегі, оның ішінде компаниялар, корпорация менеджменттері және оның акционерлері арасында мүліктік дауларда, сонымен қатар халықаралық құқық субъектілері арасында үйлеспеушіліктерде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекеттер достығында (ТМД) шағын және орташа ауырлық қылмыпен байланысты істер бойынша қылмысты сот өндірісінде медиация рәсімдерін енгізген жалғыз ел болып табылады.

 

Павлодар облысындағы медиация.

Дауларды тәртіптеудің баламалы шешуі ретінде медиацияны қолдануды жандандыру үшін Ел Президентімен бас медиаторлардың рөлін атқару Қазақстан халқы Ассамблеясына берілген. Ассамблея – бұл бір-бірі және өзінің ортақ Отаны жөнінде бірлескен қамқорлық ретінде керемет үлгі, ол кез-келген жанжалды біріктіріп және жаңадан туу кезеңіне айналдырып жібереді. Осы уақыт ішінде өнделген өзара әрекеттестіктің әдістері мен түрлері тек қана тиімді қызмет етіп қана қоймай, жыл сайын атқарылған тәжірибені жақсартады.

Осыған байланысты 2016 жылдың 29 ақпанында қалалар мен аудандардың Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағаларының облыстық семинар-кеңесі шеңберінде  «Медиация – дауларсыз аймақ» атты алғашқы дөңгелек үстел отырысы және Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Медиация орталығының тұсау кесері өтті, бүгінгі күні өздерінің атқарған тәжірибелері мен өмірлік даналықтарымен  қоғамдық, халықтық медиаторлар ретінде Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі  және «Ақсақалдар алқасы» Ақсақалдар кеңесі болып бөлінеді.

Орталықтың қызметін белсендіру мақсатында медиация кеңесі құрылды, сенім телефоны жұмыс істейді 8(7182)328174 (күнделікті жедел желі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбі және жексенбі күндерінен басқа күндері), тақырыптық ақпараттық стендтер мен бүктемелер дайындалды.

Ассамблеяның арқасында екінші рет қайта тудық, ал ҚР Жоғары сотымен күштерді біріктіріп медиацияның халықтық болуына көмек береді. Қазақстан Республикасының Жоғары соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды жүзеге асыру бойынша іс-әрекет Жоспарын орындау мақсатында 2016 жылғы 4 шілдеде «Медиация – келеңсіздік жағдайдан татуласуға дейінгі жол» – «Медиация –путь от конфликта с примирению и соглашению» атты облыстық конференция шеңберінде Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облыстық соты, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, Қазақстан медиаторларының Қауымдастығы (одағы) арасында құқықтық дауларды (жанжалдарды) реттеу үшін бітістіру рәсімдерінің институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған Меморандумға сәйкес қалалар мен аудандарда (ауылдық аймақтарда) қоғамдық (кәсіби емес) медиаторлардың тізілімі жүргізіледі; жүйелі түрде дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізіледі; облыстық сотпен бірлесіп кәсіби және кәсіби емес медиаторлар үшін оқу бағдарламаларының жоспары дайындалды; кәсіби және қоғамдық медиаторлар, «Жас медиатор» волонтерлік жасақ мүшелерінің санаттылығын арттыру үшін оқу жоспары дайындалды және жүзеге асырылды. Осы жоспар шеңберінде айына 2 рет тренер-медиаторлар мен судьялар дәрістер оқыды, ұсынылған соттардың ерекшеліктеріне сәйкес тренингтер өткізді (ювеналды, экономикалық, қылмыстық, азаматтық және т.б.). Сабақтар 15 қыркүйектен 22 желтоқсанға дейін өткізілді және 26 желтоқсанда сертивикат табыс етумен аяқталды.

Медиация институтының жемісті дамуы үшін облыста тұрақты түрде жұмыстық кездесулер өткізіледі, оған біздің алғашқы кеңесшілер мен көмекшілер, кәсіби медиаторлар Седлецкая И.В., Кайдарова С.Т., Эрлих О.В. и Мун Б.Н.; біздің басты құқықты сарапшылар: облыстық соттың судьясы Г.С.Жапарова, қалалық соттың судьясы Н.Б.Әбдікәрімов, Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі аудан арнайы аралық соттың судьясы М.А.Иванова белсенді қатысады.

Даулар мен жанжалдарға қатысушыларды қанағаттандыратын шешімдерді табу – бұл бір уақытта ғылым және өнер. Бүгінгі күні Павлодар облысында осы оңай емес ғылымда 39 кәсіби және 115 қоғамдық халықтық медиаторлар өз өнерін көрсетеді. Олардың соттармен тығыз өзара әрекеттестігі жанжалды жағдайларға тап болған адамдарға тек қана уақыт пен қаражатты үнемдеп қоймай, оны сақтауға, кейде оппонентпен қатынастың жаңа сапалы деңгейіне шығаруға көмектеседі.

Біздің қоғамға аса толерантты және жанжалға бекемді болуына көмектесу медиацияның басымды міндеті. Даулар мен жанжалдарды шешудің осы баламалы әдістерін жария ету мақсатында 2016 жылы Павлодар облысында үлкен жұмыс атқарылды:

- «Медиация бойынша базалық курс» атты 3 оқыту семинары өткізілді, оның қортындысы бойынша 10 адам мерзімсіз сертификат пен кәсіби медиаторлардың кәуілігін алды (оның ішінде 3-еуі этномәдени бірлестіктерінің өкілдері), сонымен қатар өңірдің қоғамдық медиаторлары үшін 18 семинар өткізілді;

- 4-5 тамызда кең көлемде «Медиация күні» республикалық акциясы өткізілді. Акция шеңберінде облыста 21 медиация кабинеті ашылды, 151 консультациялар өткізілді; «Қоғамдық келісім» КММ Медиация орталығы жанында этномәдени бірлестіктерінің белсенділерінен құралған «Жас медиатор» ерікті жастар қимылы құрылды. Осы іс-шара күні жас медиаторлар медиация институты туралы ақпараттық флайер-парақшалар тарату және «Медиация деген не?» тұрғындармен бейне-мониторинг – промо-акция өткізді. «Жас медиатор» құрамында 9 этномәдени бірлестігінен 18 ұлдар мен қыздар (10-11 сынып оқушылары, ЖОО мен колледж студенттері) бар;

- Нұр Отан мен ҚХА жас көшбасшылары үшін Качир және Шарбақты аудандарында жазғы лагерь базасында Медиация күндері өткізілді;

- ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Н.Тоғжановтың (2016 жылғы 4 шілдедегі № 35-18,90) хатын орындау бойынша және Қазақстан Республикасының Жоғары соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы құқықтық дауларды (жанжалдарды) реттеу үшін бітістіру рәсімдерінің институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған Меморандум шеңберінде 2016 жылғы 16 қарашадан 16 желтоқсанға дейін облыстық қалалары мен аудандарында бітістіру рәсімдері мен медиацияның басымдылығын қолдану бойынша шығу семинарлары өткізілді. Семинарларға: әкім орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, Нұр Отан партиясының өкілдері, учаскелік инспекторлар, қоғамдық және кәсіби медиаторлар, ЭМБ, қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар кеңесінің, ақсақалдар кеңесінің өкілдері, жастар көшбасшылары қатысты. Осы жобаға барлығы 500-ден астам адам қатысты.

   «Медиация – қоғамдық келісімнің және азаматтық біртектілікті нығайтудың жан-жақты институты» - «Медиация – универсальный институт общественного согласия и укрепления гражданской идентичности» атты есеп беру конференциясы жыл қортындысы болды. Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары С.Қ.Жетпісбаев, облыстық және қалалық сот өкілдері, қалалар мен аудандардың ішкі саясат бөлімдірінің басшылары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.

Конференция барысында Ертістің Павлодар өңірінде медиация жағдайын жақсарту бойынша көптеген ұсыныстар енгізілді. Бірінші ұсыныс – медиацияны талап етуіне мүмкіндік жасайтын, медиативті жағдайларға мәліметті сұранысты қалыптастыра отырып, халықты ақпараттандыру мен ағарту бойынша күштер мен шараларды белсендіру; екінші – соттар мен медиация кабинеттері арасында ынталандыру мақсатында, жарыс негізінде мұқият мониторингін жүргізу; үшінші – бұл жергілікті жерлерде медиация рәсімдерін қолдану жөнінде қалалық және аудандық газеттерде тұрақты түрде мақала шығару; төртінші – жоспарға медиаторлардың біліктілігін арттыру бойынша тұрақты семинар-курстарды енгізу. Кездесу марапаттау рәсімімен аяқталды. «Қоғамдық келісім» КММ Медиация орталығының басшысы О.Л.Николашина, Екібастұз, Ақсу қалаларының, Шарбақты, Ертіс, және Железин аудандарының ішкі саясат бөлімдерінің басшылары өңірде медиация институтын дамыту бойынша қызметін белсендіргені үшін облыс әкімінің орынбасары М.М.Бегентаевтың алғыс хатымен; кәсіби медиаторлар: О.В.Эрлих, Б.Н. Мун, кәсіби емес медиаторлар: А.А.Быков (Железин ауданы), З.А.Арынов (Ақсу қаласы), Т.В. Абрамова (Екібастұз қаласы) облыстық соттың алғыс хатымен марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаты судьялар – Г.С.Жапароваға; Н.Б.Әбдікәрімовке, М.А.Ивановаға, сондай-ақ өңірдің қалалары мен аудандарының кәсіби және қоғамдық медиаторларына табыс етілді.

Соңында медиация негізі біздің өміріміздің айнымас бөлігі болуын тілеймін.

Медиация – бұл әр әлемде белгілі жанжалдарды реттеудің төтенше перспективалық әдісі. Осы «Жоғары технология» қазақстандық қоғамның қызметіне қойылуы мүмкін және керек.

 

Орталық басшысы - Николашина Ольга Леонидовна, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, «Павлодар облысы фин-угор этномәдени бірлестігі» ҚБ төрайымы.

Фото

4159

Фото

4160

Фото

4161

Фото

4162

Фото

4163

Фото

4164

Фото

4165

Фото

4166

Фото

4167