4133

Достық үйінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов этномәдени бірлестіктердің басшыларын медалдар және сертификаттармен марапаттады.

Облыс басшысының айтуынша, этномәдени орталықтар – бұл өзінің ресурстық әлеуетін толығымен мемлекет пен азаматтық қоғам игілігіне бағыттайтын ұйымдар.

- Ширек ғасыр ішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесінде Қазақстан іргесі бекіген, шекарасы айқындалған, экономикасы қарыштап дамыған қуатты мемлекетке айналды. Бәрімізге белгілі, Қазақстан 100-ден астам ұлт пен ұлыстың қасиетті мекені. Көк тудың астына жиналған әр ұлт өкілдері алаңсыз білім алып, ұрпақ өсіріп елімізді дамыту жолында аянбай еңбек етуде. Ел бірлігі, қоғамдағы тұрақтылық – барша азаматтар үшін қасиетті ұғым, басты құндылықтар деп саналады, - деді облыс басшысы.

«Құрмет» отденімен «Сағып» ЖШС директоры Тілеу Құшманова, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен Достық үйінің хореографы Нұрлан Беков, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Венера Иванова және «Славян мәдени орталығы» Ақсу аудандық филиалының төрайымы Валентина Солдаткина марапатталды. 20 астам адамға «ҚР Тәуелсіздігіне 25-жыл» мерекелік медалы табысталды.   

 Роза Мұстафина

рavlodarnews.kz