4126 8 желтоқсанда елордамыз Астана қаласындаҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ҚХА «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылау рәсімі өтті. Салтанатты марапаттау рәсімі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары  Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, жобаға қатысушылар, мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялардың өкілдері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, жастар қауымы мен БАҚ қатысты.

Бұл мерекеге  республиканың әр өңірінде өткен сайыстардың жеңімпаздары шақырылды. Республика  бойынша  бұл жобаға 500 000-нан астам бала қатысқан. 50 жеңімпаз  Астана қаласына  марапаттау  рәсіміне  шақырылды. Біздің облысымыздан №42 ЖОББМ оқушысы Бондарь Ирина, №41 ЖОББМ оқушысы Берг Ольга, СТИКС мектебінің оқушысы Агамалиева Шазада және Дарынды балаларға арналған көпдеңгейлі мектеп-интернатының оқушысы Козлов Данил қатысып, жеңімпаз атанды.

Марапаттау «Тәуелсіздік – тірегім», «Асыл сөз», «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің тірегі» номинациялары бойынша өтті. Жеңімпаздарға дипломмен құнды сыйлықтар табыс етілді. Қазақ тілін авторлық әдістеме арқылы үздік оқытқан оқытушылар арасында «Тіл мектебі» бағыты бойынша облысымыздан №28 ЖОББМ оқытушысы Ысқақова Айнұр Олжабайқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтарды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары табыс етті. Іс-шараға қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Л.Тоғжанов және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары алдағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Биылғы жылғы жеңімпаздар үшін Мың бала жобасы өте ерекше өтті. Себебі, олар 9 желтоқсан күні «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен,  Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған ҚХА этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» фестиваліне қатысты.

         Фестивальді ашарда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, қоғамда бірлестікті, келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, мемлекетті дамытудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы мен рөлін атап көрсетті, сондай-ақ корей, неміс және ұйғыр ұлттық театрларына академиялық мәртебе беру туралы өзінің шешімін жариялады.  

Фестиваль барысында ҚХА-ның жалпыреспубликалық жобалары: «Мың бала» жобасы мен «Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық акциясының қорытындылары шығарылды.   

Фестиваль шеңберінде этномәдени бірлестіктердің көркемөнер және кәсіби шығармашылық ұжымдарының театрлық,   вокалды-хореографиялық қойылымдары мен би  композицияларынан тұратын, этномәдени бірлестіктердің  «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» театрландырылған көрсетілімі қойылды. Осы іс-шараға облысымыздың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары да қатысты.  

Бұл тамаша  жоба өз жалғасын  табады  деген  ойдамын, себебі  көптеген баланың  жүрегіне жол тауып, өз Отанына деген  құрметін  білдіруге ықпал етті, бойларына  мақтаныш сезімін ұялатты. Жоба мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге,қазақстандық отансүйгіштікті нығайтуға,тілді оқытудың сапасын арттыруға  үлкен үлес қосқаны  сөзссіз. 

Смагулова Н.Х.

облыстық ҚХА хатшылығының маманы

Фото

4127

Фото

4128

Фото

4129

Фото

4130

Фото

4131

Фото

4132

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото

Фото