4090Достық үйінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  - 25 жыл: тарихи өлшем» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары болып облыстық ҚХА хатшылығы мен Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі атанды. Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ЖОО мұғалімдері мен студенттер, ғылыми-зерттеу мекемелерінің мамандары мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйлегендердің қатарында хатшылық меңгерушісі, облыстық ҚХА төрағасының орынбасыры Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы, облыстық «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балқар этномәдени бірлестігінің төрайымы Байрамқұлова Мария Алботқызы, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, Т.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Парипса Михаил Сергеевич, тарих ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінің деканы Садықов Тілеген Садықұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Еуразиялық зерттеулер кафедрасының меңгерушісі, профессор Дүкенбаева Зада Оразғалиқызы, Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-зерттеу тобының төрайымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор мамытова Сәуле Нәсенқызы, Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің поляқ филологиясының мұғалімі польшалық Дронг Мария мен Болгариядан шақыртылған болгар филологиясының мұғалімі Иорданова Галина болды.

Садықов Тілеген Садықұлы, тарих ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінің деканы:

- Тамырын тереңге жайған Қазақ елі үшін «Мәңгілік ел» идеясы заңдылық, себебі, мұның аясында қазақ халқының мыңдаған жылғы дүбірлі тарихынан, тәуелсіздік жылдары жүріп өткен даңғыл жолынан, бүгінгі нақты атқарылған істер арқылы қол жеткізілген жетістіктерінен туындаған ұлттық идея жатыр. Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, кез-келген ел өз дамуының белгілі бір жетістікті кезеңіне жеткен кезде ұлттық идеясын қалыптастыруға деген қажеттілікті сезінеді. Бүгінгі күні елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер, мемлекетті дамытуға бағытталған тұжырымды қадамдар жасампаз әрекеттерге жетелеп отыр. Сондықтан, ұлттық идея ел дамуындағы сара жолының жаңа белесіне көтерілу барысындағы қоғамдық қатынастар мен мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және басқа да тетіктерін біріктіру міндеті туындаған тұста пайда болды пайымдауға болады.

Бүгінгі таңда әлем кеңістігіндегі тыныштықтың бұзылып, жайдайдың шиеленісіп жатқан кезеңінде, тіпті, өзгелерді былай қойғанда кешегі күні өзімізбен бауырлас болған мемлекеттердің басына қара түнек төніп, тәуелсіздіктері сынға түсіп жатқанда Елбасы өзінің көрегендігімен Қазақстанның болашағын нақты айқындап, ата-бабамыздың салып берген сара жолын жалғастырушы саясаткер екендігін көрсетті. Оған дәлел Жолдауда келтірілген мына бір жолдарда айқын байқалады: «Мәңгілік ел» ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізді, еліміздің жүрегі-Елорда тұрғызылды. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ Елінің ұлттық идеясы Мәңгілік ел».

«Мәңгілік ел» идеясы – Қазақ елі үшін заңдылық, себебі, бұл – қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихынан, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен жолынан, бүгінгі нақты істер арқылы қол жеткізген жетістіктерінен туындаған ұлттық идея. Бұл идеяның қазіргі Қазақстан қоғамының бірлігін одан әрі нығайтатын ұлы күш екені даусыз.

Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Декларацияның қабылдануын бірауыздан қолдады.Жаңа еліміздің бүгіні мен келешегі үшін берік іргетас қалаған Елбасының ақылгөй саясаты сараланды.Биік мінберден ғалымдар мен облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары бүкіл әлемде белгілі және құрметті елде, достықта өмір сүретін мемлекет туралы ата-бабаларымыздың көпғасырлық арманы шындыққа айналғанын айтты.

Іс-шара барысында пленарлық отырыс жұмысы терең әрі қызу талқылаулар өткен «Тәуелсіздік және Елбасы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы теңдесі жоқ бірегей қоғамдық институт», «Жастар және ұлттық тәуелсіздік құндылықтары» тақырыптарындағы секцияларының жұмыстарына ұласты.

Сондай-ақ, осы күні Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің еңбектері, Павлодар облысындағы жұмыс сапарларынан сыр шертетін құжаттар мен тарихи фотосуреттер қойылған көрменің презентациясы өтті. Бұл көрме Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен ұйымдастырылды.

 

Айтпаев Мақсат

Фото

4091

Фото

4092

Фото

4093

Фото

4094

Фото

4095

Фото

4096

Фото

4097

Фото

4098

Фото

4099

Фото

4100

Фото

4101

Фото

4090