4069Бүгін Павлодар облысының жастары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Менің елім - Мәңгілік Ел» атты жалпыреспубликалық патриоттық акцияға қатысты. Іс-шара Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтті.

Дүбірлі шараға жоғарғы оқу орындар мен колледж студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері, «Қазақстан алюминиі» акционерлік қоғамы мен Павлодар мұнайхимия зауыты сынды кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген жұмысшы жастар атсалысты. 

4-ші қараша күні Талдықорған қаласында бастауын алған аталмыш іс-шараның өткізілуіне Қазақстан халқы Ассамблеясы мұрындық болды. Акцияның мақсаты – еліміздің барлық өңірлеріндегі жастардың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін паш ету және олардың Тәуелсіз Республикамыздың өркендеуіне қосқан үлестерін кең ауқымды көрсету болып табылады. «Тәуелсіздіктің 25 жылы аралығындағы «Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері» атты кітап акцияның басты нышаны болып табылады. Күн бұрын эстафета нышанын қостанайлықтар павлодарлықтарға тапсырған болатын.   Ал кітаптың Қазақстанның елді мекендері бойынша сапарының жолбасшы рөлі Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының көшбасшысы, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы Споткай Максимге бұйырды.

 

Өз сөзінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Қасенов Бауыржан Қазыбекұлы Қазақстанның дүниежүзілік тұрақтылықтың орталығына айналғанын тілге тиек етті. «Ұлтаралық татулық пен ұлттық бірегейлік, бейбітшілік пен келісім – бұл біздің қоғамымыздың басты инвестициялары болып табылады» - деді ол. Сондай-ақ, ол өз сөзінде өңірдегі жастар саясаты дамуының басым бағыттары жөнінде айтып өтті. «Қазіргі таңда Павлодар облысы ойдағыдай дамып келе жатыр. Өндіріс орындары, жолдар, әлеуметтік нысандар мен жастарға арналған баспана құрылысы сәтті жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Павлодар облысы Жастарға қызмет көрсету орталығы құрылған Еліміздің алғашқы аймағы болып табылады. Бұл орталықтар өскелең ұрпақтың рухани және материалды дамуына бағытталған көптеген идеялардың генераторы болып табылады» - деп айтты Бауыржан Қазыбекұлы.

 

«Бүгін «Менің елім-Мәңгілік Ел» акциясы еліміздің бұған дейін 9 өңірін аралап өтіп, Павлодар қаласына келіп жетті» - деп бөлісті ҚХА жастар қанатының көшбасшысы, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы Споткай Максим. «Эстафетаның басты символы «жастар жетістіктерінің кітабы» желтоқсан айының басында Мемлекет басшысына табысталатын болады деді ол. Бүгін бұл кітапқа Павлодар жастары өздерінің жетістіктерін жазды» - деп жалғастырды сөзін Максим Споткай. Сонымен қатар, ол іс-шараға атсалысқан барлық жастарды акцияның басталуымен және келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

Акцияны жалғастырушы Шығыс Қазақстаннан арнайы келген қонақтардыжиналған қауым ыстық ықыласпенқарсы алды. «Жетістіктер кітабының» салтанатты тапсырылу рәсіміне Кереку өңірінің атынан облыстық мәслихат депутаты, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жастар ұйымдарының үйлестіру кеңесінің төрайымы Паули Элина қатысты. 

 

Сондай-ақ, акция барысында жоғары жетістіктерге жеткен Республика Тәуелсіздігінің құрдастары болып табылатын өскелең ұрпақ өкілдерін қошеметтеу рәсімі өткізілді. Олардың қатарында республикалық және халықаралық сайыстардың жеңімпаздары, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарының өкілдері, шығармашыл жастар, спортшылар. Олардың барлығы Қазақстанның мақтанышы, болашақ үміті!

 

Іс-шараның басынан аяғына дейін халыққа лық толы мәдениет сарайының кең залында «Менің Елім – Мәнгілік ел!», «Один народ – Одна  судьба – Один лидер!», «Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан!» ұрандары толастамады. Рухты көтеретін бұл лозунгтер шара аяқталған соң ғимарат фойесі мен шығаберісінде де естіліп жатты!

Айтпаев Мақсат

Фото

4070

Фото

4071

Фото

4072

Фото

4073

Фото

4074

Фото

4075

Фото

4076

Фото

4077

Фото

4078

Фото

4079

Фото

4080

Фото

4069