4021

       Биыл Павлодар облыстық «Нұр ана әлемі», бұрынғы «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы»   қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 толды. Ұйым еліміздің дамуы мен қоғамның алға ілгерілеуіне өзіндік үлесін қосып келеді. Аталмыш датаға орай Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ  музыка-драма театрында мерекелік кеш өтті.

 

Шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев қатысып, ақ жаулықты аналардың ұлттық тәрбиені дәріптеп, қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін   ризашылығын білдірді.

 

 

- Елбасы Төрағалық ететін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық келісімді сақтау және оны нығайту жолында маңызды институт болып табылады. Бұл қоғамдық құрылым  - жалпыұлттық келісімнің бірегей үлгісі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында облыстық бірлестіктің қосқан үлесі зор. Ұлтаралық татулықтың тірегі болып саналатын асыл аналарымыздың игі істері әрқашан да ел бірлігінің өзегі болып табылатынына кәміл сенемін, - деді ол.

 

 

Шара барысында мемлекеттік, ұлттық саясатты іске асыру, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау жұмыстарына атсалысып, облыс көлеміндегі қоғамдық-мәдени іс-шараларында белсенділік танытып жүрген бір топ ана Ассамблеяның Алғыс хатына ие болды. Ал қазақ халқының ұлттық мұраларын кеңінен насихаттап, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне белсенді араласқаны үшін «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилова облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.  

 

Павлодар облыстық «Мұсылман әйелдер лигасы» 1991 жылы құрылып, 1995 жылдан бастап Павлодар Ұлағат  ұясы Мереке АМАНТАЙ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кірді. Сол жылы ол «Нұр-Ана әлемі» деп аталды.  Бірлестік төрайымы Бақытжамал Максилова:

 

 - Біздің ұйым еліміздің жас ұрпағын білімді, иманжүзді, мейірімді және өз жерін, Отанын  сүйетін жоғары рухты азамат етіп тәрбиелеуді мақсат етеді. 25 жылдық мерейтойымызға орай, «Алтын есімдер» атты кітап шығардық. Онда осы бірлестікте 20 жылдан астам уақыт еңбек сіңірген ақ жаулықты әжелердің есімдері жазылды. Сондай-ақ, олар «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі» төсбелгісімен марапатталды, - деді.

 

Сонымен қатар, аталмыш шара аясында  «Достық үйінде» «Ел бірлігі – аналардың асыл арманы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған өңіріміздің құрметті азаматтары, жергілікті әкімдік пен мәдениет саласының басшылары қатысты. Шара барысында қоғамның белсенді мүшелері облыстық «Нұр Отан» партиясының, Павлодар қалалық әкімдіктің және қалалық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

«Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» қоғамдық бірлестігінің алғашқы төрайымы, «Парасат» орденінің иегері Зара Қожахметова аналардың еңбегін елеп, ұлықтап жатқан азаматтарға ұйымның атынан ризашылығын білдірді.

 

 

Мереке АМАНТАЙ

saryarka-samaly.kz

Фото

4018

Фото

4019

Фото

4020

Фото

4022

Фото

4023

Фото

4024

Фото

4025

Фото

4026

Фото

4027

Фото

4028

Фото

4029

Фото

4021