4004

Павлодар облысына арнайы іс-сапармен келген Беларуссияның Гомель облысы атқару комитетінің төрағасы Владимир Дворник Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының жұмысымен танысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. тілшісі.

Қонақтарды «Достық үйінде» Ассамблея мүшелері нанмен және тұзбен қарсы алып,  шағын экскурсия ұйымдастырды. Гомель облысының басшысы мұнда өзін басқа мемлекетте жүргенін мүлдем сезінбегенін айтады.

- Біз қазір жақын туыс секілдіміз. Қазақ жері бізге өте жайлы. Бұл жерде бізге сондай жылы қарым-қатынас жасалуда.  Бүгін біздің қос мемлекеттің экономикасы үшін аса маңызды серіктестік қарым-қатынас орнайды және тауар айналымы ұлғайатын болады. Ең маңыздысы біз ұзақ жылдан бері байланысымыз үзілмеген бауырлас елміз. Соның нәтижесінде бірге жұмыс істеп, өндірістік кәсіпорындар құрдық, - деп өтті Владимир Дворник. 

Облыс әкімі Болат Бақауов екі ел арасындағы сауда-саттық қарым-қатынас жылдан жылға дамып келе жатқанын атап өтті. Егер 2010 жылмен салыстырар болсақ, тауар айналым құны 10 млн. доллардан 40 млн. долларға дейін, яғни төрт есеге ұлғайған.  

- Бүгін ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласының әлеуетін арттыру үшін бірлескен антымақтастық орнаттық. Осы арқылы біз Белорусь елінен сүт бағытындағы ірі қара мал басын сатып алып, ол жаққа майлы дақылдарды жеткізуге мүмкіндік тумақ. Сонымен қатар, «Житковичхимсервис» АҚ-ның экология мәселелерінде тәжірибесі бізді қызықтырды. Алдағы уақытта павлодарлық кәсіпорындарымен бірге тиімділігі жоғары органикалық тыңайтқыштарды қайта өңдеуді бірлесіп әзірлеуді ұсынамыз, - деді Болат Бақауов.

Талғат Төре

 

www.pavlodarnews.kz

Фото

4005

Фото

4006

Фото

4007

Фото

4008

Фото

4009

Фото

4010

Фото

4011

Фото

4012

Фото

4013

Фото

4014

Фото

4015

Фото

4004