3931Өткен демалыс күні кәріс Ээтномәдени бірлестігінің белсенді қатысушылары, олардың көптеген достары және қала тұрғындары ақсақалдар мен ұстаздарды биылғы жылы тұспа-тұс келген мерекелерімен құттықтау үшін қонақжай Достық үйінде жиналды. Осы күннің басты оқиғасы «Чусок» кәріс халқының астық жинау науқаныныңаяқталу мерекесі болып өтті. Биылғы жылы ай күнтізбесі бойынша бұл мереке 15 қыркүйекке түсті, ұйымдастырушылардың айтуынша Кореяда аталмыш мереке 5 күн тойланады екен.

Сөзбе-сөз айтқанда «чху» корей тілінен аударғанда - күзді,  «сок» - кешті білдіреді. Осы мерекеге дейін еңбек сүйгіш адамдармен өсірілген табиғат сыйы әбден пісіп жетіледі. Егер күріш, жидектер мен жемістердің өнімі болса, бұл игілік пен береке науқаны үлкен думанға ұласады.

Қазіргі таңда чусок Кореяда, сол секілді ТМД елдеріндегі көптеген мерекелер сияқты өзгерістерге ұшырап, қазіргі заман талабына сай өтеді. Көптеген салттар мен дәстүрлер сақталмайды. Бірақ ұйымдастырушылар думан барысында, арнайы барлық қонақтар үшін, ежелгі кәріс елінің бір бейнесін келтіріп, жиналған қауымды, тым болмасабір сәтке, сол кезеңге саяхат жасатып, рухын сезіндірді.

Іс-шаран жүргізушілерінің айтуынша,үй иелері мереке қарсаңында үйінің қабырғаларына, келер жылы астық жақсы өнім берсін деген ниетпенастықтан бау байлап іліп қояды екен. Мереке аяқталса да, осы «әшекейлер» шешпейді – бұл бабаларға арналған сый болып саналады.

Ай толып, өзінің жарқыраған таңғажайып жарығын төккен кезде, дәстүр бойыншаежелгі Кәріс елінде оған ғибадат етіп,тәтті тағамдарды: чимпень, чальток, сонпхён, күріш шарабын және басқа тағамдарды тарту салтын орындайды.

Сондай-ақ, чусок мерекесі кезінде ата-бабалардың моласына бару салты сақталған.Оны «сонмё» деп атайды. Бейіт басы жинақталып, жаз бойы өскен арамшөптер шабылады. Бұл ата-бабаға деген сый-құрметтің көрінісі. Өз кезегінде, бұл әр беделді адамның міндетті парызы болып саналады.

Чусок мерекесі күні таңертен әр шаңырақта дастархан басында ата-бабалар рухына құрбандық шалу  - «чарэ» рәсімі өткізіледі. Осындай рәсім жылына екі рет өткізіледі: Соллаль – айкүнтібесі бойынша Жаңа жыл мерекесі және Чусок мерекесікезінде. Осы күні таңертеңнен бастап жаңа астықтан алынған күріш өнімдері, міндетті түрде күріш арағы – соджа,  тәтті құрма, күнжіт немесе ұсақталған баданажағылған «сонпхён»күріш наны тағамдардан салттық дастархан жайылады.

Іс-шара барысында, дәстүр бойынша қыздар барлық қонақтарға мерекеге арнайы дайындалған, күріштен жасалатын «чимпень» дәстүрлі корей жұқа нанынан дәм таттырады. Этномәдени бірлестіктің хореографиялық және вокалдық ансамблдерінің орындауларында ұлттық билер мен әндер орындалды. Қысқасы, ұйымдастырушылар мерекенің нағыз бейнесін көрсете алды. Бір жерде балуандар сыйлыққа өгіз аламын деп жеңіс үшін бір-бірімен «ссирым» деп аталатын күреске қатысып жатты, бір жерде балалар аспанға батпырауық ұшырса, ендігі жерде ақсақалдар мен ер адамдар «өмір туралы» әңгімелерін айтты, ал бір жерде бойжеткендер «нольтвигте» «кім биігірек?!» - деп секіріп жатты.

 

АйтпаевМақсат

 

Есжанова Назыгүл

Фото

3931

Фото

3932

Фото

3933

Фото

3934

Фото

3935

Фото

3936

Фото

3937

Фото

3938

Фото

3939

Фото

3940